Қыста арбаңды сайла, Жазда шанаңды сайла

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Антонимдерді қайталау
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекіліктер
Терме диктант, сәйкестендіру және мақал-мәтелдер кестесі, тест парақшасы
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың антонимдер туралы білімін жетілдіру, тақырыптың мазмұны мен күрделілігін пайымдауға үйрету.

Білімділік

Антонимдер туралы түсініктерін тапсырмалар арқылы бекіту.

Дамытушылық

Жаттығулар орындату арқылы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетіне назар аударту.

Тәрбиелік

Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Кезекшімен жұмыс
  • Сыныпты түгендеу

II. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ-жауап)

  1. Антонимдер дегеніміз не?
  2. Синонимдер мен антонимдердің байланысы қандай?
  3. Антонимдердің сөз таптарына байланысы қандай?

III. Жаңа сабақ

Кіріспе

Бүгін антонимдер туралы түсінігімізді жетілдіреміз. Антонимдер — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

Мысал

үлкен — кіші

Мысал

суық — жылы

Мысал

күн — түн

Антонимдерге қосымша мысалдар

алыс — жақын жақсы — жаман қатты — жұмсақ дос — дұшпан өлім — өмір

I. 91-жаттығу

Мәтінді оқып, онда не суреттелгенін өз сөзіңізбен баяндаңыз.

II. Антонимдік қатарларды тауып, сөйлем құрау

Берілген сөздерден антонимдерді табыңыз және сөйлем құраңыз.

қымбат — арзан
жеңіл — ауыр
биік — аласа
ақ — қара
ыстық — суық
жаз — қыс
сау — ауру
ұзын — қысқа
жүрек жұтқан — су жүрек
алыс — жақын

III. 92-жаттығу

Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтіннен антоним сөздерді табыңыз.

IV. Терме диктант

Зат есімнен болған антонимдерді теріп жазыңыз.

  1. алыс — жақын
  2. ақ — қара
  3. күн — түн
  4. ерте — кеш
  5. алу — беру
  6. қыс — жаз
  7. алғыс — қарғыс
  8. ұзын — қысқа
  9. ұл — қыз
  10. келу — кету
  11. арық — семіз
  12. жақсылық — жамандық
  13. көне — жаңа
  14. қатты — жұмсақ
  15. өлім — өмір
  16. құпия — жария
  17. дос — дұшпан

V. 94-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгеніңізді айтыңыз.

VI. Мақал-мәтелмен жұмыс

Мақал-мәтелдердегі қажетті орынға антоним сөздерді қойып жазыңыз және жаттап алыңыз.

1) Қыста арбаңды сайла, жазда шанаңды сайла.

2) Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

3) Жақсының жақсылығын айт — нұры тасысын, жаманның жамандығын айт — құты қашсын.

IV. Сабақты бекіту (тест)

Бүгінгі сабақты бекіту үшін төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. 1) «Лексика» сөзі қай тілден енген?

    • а) грек
    • ә) латын
    • б) орыс
  2. 2) Омоним болатын сөзді тап.

    • а) қаз
    • ә) теңіз
    • б) бала
  3. 3) Синонимді тап.

    • а) қаз, бақ
    • ә) әдемі, көркем
    • б) кіші, ертең
  4. 4) Антонимді тап.

    • а) қара, білім
    • ә) оңай, қиын
    • б) бүгін, кеш
  5. 5) Көп мағыналы сөзді тап.

    • а) мая — мая
    • ә) ата — баба
    • б) бас, көз
  6. 6) Антоним дегеніміз не?

    • а) айтылуы әртүрлі, мағыналары жақын сөздер
    • ә) жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер
    • б) мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер

V. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Антоним дегеніміз не?
  2. Антонимдердің мағыналық ерекшелігі қандай?
  3. Антонимдердің жасалу жолдары қандай?
  4. Антонимдер ойды қалай әсерлі жеткізеді?

VI. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды орындауға атсалысқан оқушылар бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

Оқулықтағы 96-жаттығуды орындап келу.