Тіл - ұлттың тірегі
Тақырыбы: Тіл — ұлттың тірегі
Бұл іс-шара мемлекеттік тілді насихаттауға, өзге ұлт тәрбиеленушілеріне қазақ тілінде жан-жақты тәрбие беруге бағытталған. Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын және шешендік өнерін дамыту көзделеді. Сонымен қатар тіл мәдениетін қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту, ой ұшқырлығы мен тапқырлықты арттыру, өз ұлтын сүюге және өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу міндеттері қамтылады.
Көрнекілігі
- Слайдтар
- Тіл туралы зиялы қауым өкілдерінің қанатты сөздері
Барысы
Жүргізуші
Құрметті тәрбиешілер мен балалар! Бүгін өзге ұлт тәрбиеленушілері арасында мемлекеттік тілде ұйымдастырылып отырған білімпаздар сайысына қош келдіңіздер!
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіреген көк байрағым сан ғасыр.
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің еңсесін.
Біздің Отанымыз — байтақ та берекелі ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де сондай дархан.
Қазақ тілі — дана Абайдың, отты жырдың иесі Махамбеттің, шындықтың символындай болған Бауыржанның, ұлы Мұхтардың тілі. Бүгінде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие. Ол — Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері үшін де ортақ құндылық.
Осы мақсатпен ұйымдастырылған өнер сағатымызды қазақ тілінде тамашалайсыздар.
Сайысқа қатысушылар
Әр топта — 5 оқушы
1) Бірлік тобы
Бірлік пен татулықты дәріптейтін команда
2) Жұлдыз тобы
Тапқырлық пен білімді ұштастыратын команда
Ал, келіңдер, келіңдер,
Бәріңе — бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
Сайыс кезеңдері
- 1 Топтың аты, ұраны және топ мүшелерімен таныстыру
- 2 «Өлең сөздің патшасы» — мәнерлеп оқу сайысы
- 3 Мақал-мәтел сайысы
- 4 Сұрақ-жауап сайысы
- 5 Күлкілі көрініс немесе жарнама көрсету
- 6 Жұмбақ жасыру
- 7 Сөзжұмбақ
Әділ бағалау
Сайысты бақ сынаған бар сынасын,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алсын.
Кім өнерлі, кім тапқыр — шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын қайсын.
Кез келген сайыс әділ бағалануы тиіс. Осы мақсатта қазылар алқасы сайланады. Қазылардың алдында сайыс бағдарламасы, бағалау парақтары және қалам болады. Қатысушылар үшін мақтау қағаздары мен сыйлықтар дайындалады.
Жүргізуші
Армысың, айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұлына оралар кездескенде,
«Сәлем — сөздің анасы» деген нақыл.
Топ алдына шыққанда бас иіп, сәлемдесу — әр жастың парызы. Ендеше, өнерлерін паш ететін сайыскерлерімізден өздерін таныстыруын сұраймыз.
2-кезең: «Өлең сөздің патшасы»
Екі топпен таныстық. Ендігі кезекте Абай атамыз жырлағандай, сөздің салмағын сезіндірер мәнерлеп оқу сайысы өтеді.
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Жұп-жұмыр, тегіс келсін айналасы.
Әр топтан екі тәрбиеленуші шығып, екі өлеңнен оқиды.