Қамырдың июі әбден қанғаннан соң жұқалап жаямыз

Құрамы

Қамыры жұмсақ, майы жұқалап жағылған, табада алтын түске дейін қуырып пісірілетін қарапайым әрі дәмді қамыр тағамы.

Негізгі өнімдер

  • Ұн — 500 г
  • Су — 200 г
  • Тұз — 1/2 шай қасық

Майлар

  • Сары май — 100–150 г
  • Сұйық май — қуырып пісіруге

Ескерту: сары майды тым көп жақпаңыз — қамырдың сыртына шығып кетуі мүмкін. Жұқалап жағу жеткілікті, себебі кейін бәрібір майға қуырылады.

Жасалуы

  1. 1

    Қамыр илеу

    Ұнды үлкен табаққа елеп салыңыз. Тұзды суға ерітіп, ұнның үстіне құйыңыз да, жұмсақтау қамыр илеп алыңыз.

  2. 2

    Демалдыру

    Қамырды 5–10 минутқа тынықтырып қойыңыз.

  3. 3

    Жұқалап жаю

    Қамырдың иі әбден қанған соң, оны жұқалап жайыңыз.

  4. 4

    Сары май жағу

    Жайылған қамырдың бетіне ерітілген сары майды жұқалап жағыңыз.

  5. 5

    Орау және бөліктерге бөлу

    Май жағылған қамырды ораңыз. Оралған қамырды кішкене бөліктерге бөліп, әр бөлікті дөңгелектеп қайтадан жайыңыз.

  6. 6

    Табада пісіру

    Табаны қыздырып, 1 ас қасық сұйық май құйыңыз. Жайылған қамырларды бір-бірлеп салып, екі жағын алма-кезек аударып, алтын түске дейін қуырып пісіріңіз.

А

Дайындаған

Асыл