Мұхтардың атасының аты кім

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, М.О. Әуезов атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карлибаева Б.У. ұсынған 3-сыныпқа арналған тәрбие сағатының мазмұны.

Тақырыбы

«Мұхтар аты – мақтаныш»

Мақсаты

  • М.О. Әуезовтің қысқаша өмірі мен әңгімелерімен таныстыру.
  • Дана жазушының ұлылығын, кемеңгерлігін дәріптеу.
  • Оқушыларды өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Тәрбиелік мәні

  • Балалардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.
  • Көркем әдебиетке құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі

М.О. Әуезовтің суреттері, нақыл сөздер, кітап бейнесі (иллюстрациялар).

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Мұғалім оқушыларды сабаққа жұмылдырып, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбын хормен оқытады: «Мұхтар аты – мақтаныш». Одан кейін балалардан: «Мұхтар ата туралы не білесіңдер?» — деп сұрақ қойылады.

  2. 2

    М.О. Әуезовтің қысқаша өмірбаяны

    Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы. Ол көптеген кітаптар жазған, соның ішінде Абай туралы іргелі еңбек ұсынған. М.О. Әуезов — «Абай жолы» романының авторы.

    Туған жылы, күні
    1897 жыл, 28 қыркүйек
    Туған жері
    Семей облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы

    Биыл жазушының туғанына 115 жыл толады.

    Әкесі Омархан да, атасы Әуез де арабша оқыған, сауатты, ауқатты адамдар болған. Олар Мұхтарды жасынан ауыл мектебіне беріп, білім алуына ерекше қолдау көрсетеді. Атасы Әуез Абаймен құрбы, дос болған. Ауылдары көрші, тіршілігі араласқан. Атасының ықпалымен Мұхтар бала күнінен Абай өлеңдерін оқып, жүрегіне тоқып өседі.

    1908 жылы Семейдегі орыс мектебіне оқуға түседі. Кейін мұғалімдер даярлайтын оқу орнын үздік бітіріп, мұғалім болады. 20 жасында «Еңлік – Кебек» трагедиясын жазады. Жазушының әйгілі әңгімелерінің қатарында «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» және өзге де шығармалар бар. Ең ірі туындысы — «Абай жолы» романы.

  3. 3

    Әдеби-сазды монтаж

    1-оқушы

    Даңқы кеткен шығандап,
    Дархан ойлы кемеңгер.
    Елу жыл өтсе де,
    Өлді деуге сенер ме ел!

    2-оқушы

    Мұнарадай қаланған,
    Мұралары — ырыс, құт.
    Көзіндей боп атаның,
    Көрінеді тым ыстық.

    3-оқушы

    Оқимыз да оны біз,
    Ойға аламыз асылды.
    Өшпейтін із қалдырып,
    Өкшелеген ғасырды.

    4-оқушы

    Жарып шыққан күмбені,
    Зерделі ойдың зергері.
    Мұхтар ата бақытты,
    Ескірмейтін сөздері.

    5-оқушы

    Кездерінде қолы бір сәт босаған,
    Қиял ғана жан серігі, дос оған.
    Талай-талай туындыны әкелген,
    Дүниеде терең ойлы осы адам.

    6-оқушы

    Кітаптан бейнеңізді күнде көріп,
    Мақтанып, міне, біздің ата дедік.
    Жазушы, сыншы, ғалым, драматург,
    Болдыңыз профессор, академик.

    7-оқушы

    Той бүгін жүз он бес жасқа толғаныңыз,
    Жақсы еді ортамызда болғаныңыз.
    Ажал да сізді жеңдім дей алмайды,
    Көрінер өзіңіз боп томдарыңыз.

    8-оқушы

    Жеткен жоқ біліміңіз бен жасыңыз әлі,
    Деп бізден томды үлкендер жасырады.
    Біздей жас жеткіншек ұрпағыңыз,
    Тез өсіп, сізді оқуға асығады.

    9-оқушы

    Әркімнің ақыл қосқан санасына,
    Ел риза өзіңіздей данасына.
    Халыққа сізше еңбек етсек дейміз,
    Барғанда қоғамның әр саласына.

    Хор

    «Желсіз түнде жарық ай»

  4. 4

    Қорытынды сұрақтар

    Тәрбие сағаты соңында оқушылардың түсінігін бекіту үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

    1. М. Әуезов кім?
    2. Мұхтар атаның туғанына неше жыл толды?
    3. Мұхтардың атасының аты кім?
    4. Жазушы кім туралы үлкен кітап жазды?
    5. «Абай жолы» романы неше томнан тұрады?
    6. «Көксерек» фильміндегі басты кейіпкерді ата.