Оттектің химиялық қасиеттері

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Күні
26.11.2012
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
§24. Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Оқыту әдістері
Түсіндірмелі сұрақ-жауап, интерактивті оқыту әдістері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға оттек элементінің жай және күрделі заттармен әрекеттесуін түсіндіру.

Дамытушылық

Жану реакцияларының теңдеулерін құрастыра білуге үйрету; химиялық формула жазу, теңдеу құру және есеп шығару дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушылардың қызығушылығын арттыру; ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ой-өрісін кеңейту; ізденімпаздық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  1. I

    Ұйымдастыру

    Сабаққа дайындық, оқушылардың қатысуын тексеру және жұмысқа бағыттау.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    Алдыңғы тақырып бойынша білімді нақтылау және қысқаша қайталау.