Операциялық жүйелерді баптау Сабақтың мақсаты. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Операциялық жүйелерді баптау
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға операциялық жүйені баптау тәсілдерін меңгерту, алған білімдерін практикалық жұмыс барысында қолдануға дағдыландыру, компьютерлік сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Білімділік
Операциялық жүйе туралы білімдерін сұрақтар арқылы нақтылау. Оқушыларды үш топқа бөліп, баптау әрекеттерін орындауды үйрету. Бума терезесінің параметрлері және басқару тақтасы бумаларының терезелері туралы толық түсіндіру, көрсету.
Дамытушылық
Компьютерде орындату арқылы ой-өрісін, есте сақтауын және шығармашылық қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
ЕТК қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру бөлімі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, қауіпсіздік ережелерін еске салу.
-
II
Үй тапсырмасын тексеру
«Операциялық жүйелер» және «Операциялық жүйелердің топтамасы» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап, сәйкестендіру тесті.
Сәйкестендіру тесті: негізгі ұғымдар
Төмендегі анықтамалар операциялық жүйе компоненттері мен терминдерін қайталауға арналған.
Операциялық жүйе
Пайдаланушының компьютермен байланысып, өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін ыңғайлы программалық қабық.
Ядро
Есептеу процестерін және компьютер ресурстарын басқаратын, пайдаланушы мен аппаратура арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі программалық бөлік.
Интерфейс
Пайдаланушының операциялық жүйемен жұмыс істеу тәсілдерін (басқару элементтері, командалар, мәзірлер) сипаттайтын өзара әрекеттесу ортасы.
Драйвер
Компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды (принтер, бейнеадаптер, желілік карта т.б.) басқаруға арналған программалар.
Командалық интерпретатор
Пайдаланушы командаларын қабылдап, оларды операциялық жүйе орындайтын әрекеттерге түрлендіретін құрал.
Бір пайдаланушыға арналған жүйе
Компьютерде бір ғана пайдаланушыға жұмыс істеуге мүмкіндік беретін операциялық жүйе түрі.