Оқушыны Өтепберген Ақыпбекұлының Мен таңдайтын мамандық

Сабақтың тақырыбы

Өтепберген Ақыпбекұлы. «Мен таңдайтын мамандық...»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» өлеңін мәнерлеп, ырғақпен оқуға үйрету; түсінгенін жүйелі баяндауға дағдыландыру; ақынның негізгі ой-түйінін ашуға жағдай жасау.

Дамытушылық

Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу; байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту; мамандық таңдауға бағыт беру.

Тәрбиелік

Әр мамандықты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Көрнекілігі

Суреттер топтамасы.

Сабақтың барысы

Жоспар

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа даярлық: балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар. Жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жылуым мол бойымда.

Жан дүниемде күн нұрлы.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Дегелеңдегі жарылыс» мәтіні бойынша сұрақтар:

  1. 1 Мәтіннің басында кімдер туралы әңгімеленеді?
  2. 2 Бас кейіпкерді атаңдар.
  3. 3 Неліктен барлық бала оған әрі қызыға, әрі қызғана қарайтын?
  4. 4 Үлкендер арасында қандай әңгіме тарады?
  5. 5 Бұл хабарды халық қалай қабылдады?
  6. 6 Неліктен ұлдар Дегелең тауына барды?
  7. 7 Дегелең үстінде не жарылды?
  8. 8 Жарылыстың әсерінен Қажымұрат қандай жағдайға душар болды?

III. Үй тапсырмасын пысықтау

  • Қажымұраттың іс-әрекетіне баға беріп, өз ойыңды айт.
  • Оқиға болған жерде табиғат өзгерді ме? Нақты мысал келтір.

IV. Мақсат қою кезеңі

1) Тақырып пен мақсат

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Жаңа сабаққа даярлық

  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?
  • Ата-аналарыңның мамандығы туралы не айта аласыңдар?

V. Жаңа сабақ

1) Кіріспе

Тақтадағы мамандықтарға байланысты суреттер топтамасына қарап, ой бөлісіңдер: қандай кәсіп түрлерін танисыңдар? Қайсысы сендерге жақын?

Ой қозғау

Ел болашағы — білімді ұрпақ. Бүгін сендер оқушы болсаңдар да, ертең еліміздің кемелденуіне үлес қосатын маман иесі боласыңдар. Сондықтан «әлі кішкентаймыз» демей, осы күннен бастап болашақ мамандық туралы ойлану маңызды.

Бүгінгі сабақ та мамандық таңдауға арналады. Араларыңда болашақ мамандығын ойлап жүргендер бар ма?

2) Өтепберген Ақыпбекұлы туралы мәлімет

Өтепберген Ақыпбекұлы — жазушы, ақын, аудармашы. Халықаралық мүшәйралардың жүлдегері.

1950–2007 жылдары өмір сүрген. Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Қызылағаш ауылында дүниеге келген.

Жыр жинақтары

  • «Доп»
  • «Футболшы боламын»
  • «Жарыс жағасында»
  • «Жылдың төрт мезгілі»

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан»

— Абай Құнанбайұлы

Осы ойды жетекке ала отырып, Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық...» өлеңі арқылы өзімізге қай мамандық жақын екенін пайымдаймыз. Мүмкін, өлең жолдары сенің болашақ таңдауыңа бағыт берер.

3) Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.
  • Әр мамандық атауын жеке-жеке оқып, ол туралы білетіндеріңді әңгімелеу.

«Мен таңдайтын мамандық...» (үзінді)

Ай-хой, ғажап қандай бұл!

Ал, қане, кәсіп таңдай біл:

Аламын қандай мамандық,

Алдымда толған таңдау тұр.