Мақсатты әдіс. Оқушылардың білімін бағалау

Сабақтың мақсаты мен мазмұны

Бұл сабақта оқушылар санның үлесін және санды үлесі бойынша табу тақырыбындағы есептерді шығару арқылы амалдардың өзара байланысын түсінеді, теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіреді және логикалық ойлауын дамытады.

1) Білімділік

  • Есептің жаңа түрін шешу тәсілдерін бекіту
  • Амалдардың өзара байланысына сүйене отырып теңдеулер шешу дағдыларын жетілдіру

2) Тәрбиелік

  • Танымдық және коммуникативтік іс-әрекетті дамыту
  • Өздігінен білім алуға және еңбекке баулу
  • Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу

3) Дамытушылық

  • Математикалық стильдегі ойлауды қалыптастыру
  • Интеллектуалдық сезім мен логикалық ойлау қабілетін дамыту

4) Жаңа технологиялар

  • Дамыта және оздыра оқыту
  • Іс-әрекетті бағалау, тірек сызба/тірек конспект арқылы оқыту
  • Саралап және деңгейлеп оқыту
  • Шоғырландырып қарқынды оқыту
  • Сын тұрғысынан ойлау, жобалап оқыту
  • Ақпараттық технологиялар

Оқыту әдістері

Сабақта әртүрлі әдістер үйлестіріледі: түсіндіру, қайталау, ізденіс және мақсатқа бағытталған әрекет. Бұл тәсілдер оқушыны белсенді қатыстыруға және нәтижені саналы бекітуге бағытталған.

1) Иллюстрациялық түсіндіру

Ақпаратты әңгімелеу, лекция, семинар, коллоквиум және демонстрация арқылы жеткізу.

2) Репродуктивті әдіс

Білім-білік дағдыларын қайта жаңғырту арқылы білімді белсенді игерту.

3) Зерттеу әдісі

Шығармашылық тапсырмалар беру; оқушылардың өз бетімен шешім табуы; мәтінмен, есептермен және үлестірмелі материалдармен жұмыс.

4) Эвристикалық әдіс

Ішінара ізденіс: мақсат пен міндетті мұғалімнің көмегімен шешу.

5) Мақсатты әдіс

Мұғалім нақты мақсат қояды, оған жету жолын көрсетеді, ал оқушылар әрекетті әрі қарай дамытады.

Таным қызметін ұйымдастыру формалары

Жекелік

Танымдық тапсырмалар оқушының өз күшімен орындалады.

Жан-жақты (жалпы сыныптық)

Барлық оқушыға ортақ міндет қойылған кезде қолданылады.

Топтық

Жалпы міндеттен туындаған мақсат топ ішінде шешіліп, жауап жинақталады.

Ұжымдық

Ұжым әр мүшесін оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне жұмылдырады.

Сабақтың құрылымы

  1. 1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2. Үй тапсырмасын тексеру
  3. 3. Білімді жан-жақты тексеру
  4. 4. Сабаққа мақсат қою
  5. 5. Жаңа сабақты түсіндіру
  6. 6. Қорыту және бекіту
  7. 7. Білімді бағалау
  8. 8. Үй тапсырмасын хабарлау және нұсқау беру

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу және сыныпты сабаққа дайындау

Сәлемдесу шумағы:

Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Құрметпен бас иіп, Сәлем бердік біз.

2) Психологиялық дайындық

Қане, балалар, бүгін бізде математика сабағы. Математика сабағына дайын болу үшін қандай сөз айтушы едік?

«Есептеуді білмейтін адам — түк сезбейтін надан», — деген ойды еске алып, назарымызды сабаққа аударайық.

3) Ашық сабаққа кіріспе

Бүгінгі сабақ — ашық сабақ. Сыныбымызға қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» демекші, өзімізді жақсы қырынан көрсетіп, ұятқа қалмауға тырысайық.

4) Елдік құндылықтармен байланыстыру

Сұрақ

Еліміз алда қандай мерекені атап өтеді?

Жауап: Тәуелсіздік күні.

Еске түсіру

ҚР тәуелсіздік алғанына биыл 22 жыл толады.

Сұрақ

Ел рәміздерін атаңдар.

Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Сұрақ

Тудың түсі қандай?

Жауап: Көк.

Туды кез келген адамға ұстата бермейді. Мысалы, мектеп туын сыныптың үздік оқушылары ұстайды. Ендеше, ойын арқылы анықтайық: «Туды ұстау» құрметіне кім ие болады? Ол үшін өткенге шолу жасап, сұрақтарға дұрыс жауап береміз.

Ойын: «Туды ұстау» — сұрақтар мен тапсырмалар

1) Көбейту амалының компоненттерін ата

Мысал: 2 × 10

2) Бөлу амалының компоненттерін ата

Мысал: 8 : 4

3) Теңдіктерді толықтыр және белгісізді тап

  • 8 : 2 = 4
  • x : 3 = 5
  • 4 × 2 = 8
  • 15 : x = 3
  • x × 3 = 15

4) Өрнектің мәнін тап

(18 + 22) : 5 − 4

5) Тұжырым жаса

5 × 4 = 20

4 × 5 = 20

1 × 25 = 25

Осы мысалдар негізінде көбейтудің қасиеттері туралы қорытынды шығарыңдар.