Оқушының білімдерін бекіту, пысықтау Озық ойлы оқушы ойын түрінде

11-сынып математика сабағы

Сабақтың тақырыбы

Интегралды қолданып есептер шығару

Сабақтың типі

Білімдерін бекіту сабағы

Сабақтың түрі

Интеллектуалдық шоу

Сабақтың әдісі

Деңгейлеп-саралап және ұжымдық оқыту

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Интегралды пайдаланып фигураның ауданын және көлемін табу бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау, қорытындылау және бекіту.

Дамытушылық

Есептер шығару барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім-білік дағдыларын дамытып, зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды еңбекқорлыққа және өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс және көрнекіліктер

Пәнаралық байланыс

  • Физика
  • Ағылшын тілі
  • Орыс тілі

Көрнекілігі

  • Интербелсенді тақта
  • Кеспелер
  • Буклет

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.
  2. Сабаққа дайындығын тексеру.
  3. Сабақ мақсатымен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

  1. Берілген тапсырманы тексеру; оқушы өзін-өзі бағалайды.
  2. Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы қайталау.

3) Білімді бекіту және пысықтау

Бүгінгі сабақ «Озық ойлы оқушы» ойыны форматында өтеді. Бұл ойын «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының үлгісінде ұйымдастырылады.

Ойын кезеңдері

  1. Бәйге
  2. Полиглот
  3. Ғажайып жетілік
  4. Кім тапқыр?
  5. Мәре

Бағалау тәртібі

Әр кезең баллмен бағаланады. Есепшот комиссиясы ретінде сабаққа қатысып отырған қонақтар арасынан өкілдер сайланады.

I кезең: Бәйге

«Бәйге» — қазақтың ұлттық ат жарысы. Бұл кезеңде жеңіс жүйріктің төзімділігіне ғана емес, шабандоздың шеберлігі мен білімділігіне де байланысты.

Сұрақ 1

Қандай функцияны алғашқы функция деп атаймыз?