Қ. Рысқұлбеков атындағы 33 ОМБастауыш сынып мұғалімі

Пікір

Сөйлем туралы ұғым оқушыларға сауат ашу кезеңінен бастап таныс. Олар сөйлемді сөзден ажыратуды, сөйлемнің сөздерден құралатынын, сөйлемнің алғашқы сөзі бас әріптен басталатынын және соңына тыныс белгісі қойылатынын біледі. 2-сыныпта бұл білім тереңдетіліп, сөйлем түрлерінің (айтылу мақсатына қарай) ерекшеліктері нақтыланады.

Технология мен әдістеменің үйлесімі

  • Тірек-сызбалар мен шығармашылық тапсырмалар сөйлемнің құрылымдық белгілерін бекітеді.
  • «Тапсырма ойыны» арқылы оқушы жаңа ұғымды жеңіл қабылдап, белсенді қатысады.
  • «Қай сөзді жоғалттым?» ойыны сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажыратуға және дауыс ырғағын дұрыс қоюға жаттықтырады.
  • Интерактивті тақтаны мақсатты қолдану мұғалімнің технологияны меңгерудегі еңбегін және шығармашылық ізденісін көрсетеді.

Кіріспе: ойын элементтерінің тиімділігі

Сабақта қолданылған ойын элементтері мұғалім түсіндірген материалды оқушылардың ықыласпен тыңдап, сапалы меңгеруіне сенімді тірек болады. Кіші жастағы оқушылар жас ерекшелігіне байланысты ойынға ынталы келеді: балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам әрі дәл орындауға бейімделеді.

Ойын оқушылардың грамматиканы терең меңгеруіне, жазба тілін дамытуына мүмкіндік береді, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен бірге ойланғыштық пен ізденімпаздық қабілетін арттырып, сөз қорын молайтады. Ең маңыздысы — оқушының сабаққа қызығушылығын күшейтіп, белсенді қатысуына және түсінбегенін дер кезінде нақтылауына жағдай жасайды.

2-сыныпта сөйлем тақырыбын тереңдету

Салыстыру арқылы меңгерту

Алғашқы сабақта сөздерді салыстыра оқыту арқылы қай бағандағы сөздер сөйлем, қай бағандағысы сөйлем емес екені анықталады.

Дауыс ырғағын ажырату

Келесі сабақтарда сөйлемдерді оқығандағы дауыс ырғағы салыстырылып, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің мағынасы ашылады.

Күтілетін нәтиже

Жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің қандай мағынаны білдіретінін, айтылу сазын, соңына қойылатын тыныс белгілерін білуі және берілген сөздерден сөйлем құрай алуы тиіс.

Сабақтың мақсаты мен ұйымдастырылуы

Сабақтың мақсаты

  • Сөйлем және оның айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы жинақталған ұғым қалыптастыру.
  • Дауыс ырғағын салыстыру арқылы сөйлем түрлерін бір-бірінен ажыратуға жаттықтыру.
  • Тіл дамыту және рефлексиялық тапсырмалар арқылы байланыстырып сөйлеу мен өзін-өзі бағалауды жетілдіру.
  • Өз біліміне сын көзбен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Сабақтың әдістері

Көрнекілік, слайдтар, сұрақ-жауап, топтастыру, рефлексия, талдау, ізденушілік.

Көрнекіліктер

Жеке суреттер, тірек-сызба, ойын құралдары, карточкалар.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану.

Сабақ барысы: негізгі кезеңдер

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Психологиялық дайындық: «Жүрегімнің жылуы».

    Кіріспе
  2. 2) Үй жұмысын тексеру

    Суретпен жұмыс: қыс туралы әңгіме құрастыру.

    Қайталау
  3. 3) Жаңа сабақ: бағдарлау–мотивациялық кезең

    Сабақтың мақсаты қойылып, оқушының қызығушылығы ертегі желісі арқылы оятылады: «Ертеде бір Сөз деген патша болыпты, оның отауы Синтаксис деп аталыпты... ең соңғы сөз ойды тиянақтап тұрыпты». Оқушылар тапсырмалар арқылы бұл ұғымның атауын табады.

    Жаңа тақырып

    1-тапсырма: «Ормандағы жыл құстары»

    Оқушылар жұмбақтардың шешуін тауып, шыққан әріптерден сөз құрастырады.

    Күндіз-түні жүреді, сырғымайды бір елі.

    Тәтті, тәттінің іші қатты; қаттының іші тәтті.

    Жарана жағасын, аман-сау боласың.

    Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады.

    Ти десем, тимейді; тиме десем, тиеді.

    Отқа жанбас, суға батпас.

    Нәтиже: оқушылар құрастырған сөз — «Сөйлем». Одан кейін сурет арқылы аққала тақырыбына өтеді.

    Келесі тапсырма: сөздерден сөйлем құрастыру

    Берілген сөздерден сөйлемдер құрастырылады (мысалы, қыс тақырыбы бойынша).

    аппақ Айнұр киім қыс жасады аққала киді дала

    Оқушылар құрған сөйлемдерді хабарлы, сұраулы, лепті түрлеріне ажыратып, тиісті тыныс белгілерін қоюға жаттығады.