Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу

Сабақ тақырыбы

Екі өрнектің қосындысының кубы бойынша есептер шығару.

Сыныбы

7

Сабақ түрі

Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін бекіту және жүйелеу; қысқаша көбейту формулаларын жаттап, есеп шығаруда тиімді қолдану.

Тәрбиелік

Жолдастарының алдында жауапкершілік сезімін күшейту; ұқыптылыққа, алғырлыққа, сыйластыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Іскерлік дағдыларын дамыту; топпен жұмыс істей білуге үйрету; теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Сабақ әдістері мен ресурстары

Әдістер

  • Деңгейлеп оқыту
  • Сұрақ-жауап
  • Сауалнама

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Жедел тест
  • Бағдарламалық тест
  • Ауызша есептер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу
  • Оқушыларды түгелдеу
  • Сабаққа дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • №203, №204 есептерін тексеру
  • Формулаларды жатқа айту

III. «Формулаларды білеміз бе?»

Қысқаша көбейту формулаларын еске түсіріп, оларды дұрыс қолдануға назар аударамыз.

Квадраттардың айырымы

a2 − b2 = (a − b)(a + b)

Қосынды квадраты

(a + b)2 = a2 + 2ab + b2

Айырма квадраты

(a − b)2 = a2 − 2ab + b2

Қосынды кубы

(a + b)3 = a3 + 3a2b + 3ab2 + b3

Айырма кубы

(a − b)3 = a3 − 3a2b + 3ab2 − b3

IV. «Миға шабуыл» сұрақтары

  1. 1 Екі өрнектің қосындысының квадраты үшін қандай ереже (формула) қолданылады?
  2. 2 Екі өрнектің айырмасының квадраты үшін қандай формула қолданылады?
  3. 3 Екі өрнектің қосындысының кубының формуласы қандай?
  4. 4 Екі өрнектің квадраттарының айырымы қалай жазылады?