Судың құрамы мен сапалығын анықтау әдісі
Ақсу қаласы, Евгеньевка ауылы
Ю. Гагарин атындағы орта мектебі, 8-сынып оқушысы: Сулаймонова Дилноза
Жетекшісі: химия және биология пәндерінің мұғалімі Жетписбаева Б. К.
Жұмыс түрі
Ғылыми жоба
Секция
Биология
Тақырып
Таза судың болашағы
Кіріспе
Ауылдық жерлерде суды күнделікті КБМ жүйесі мен кран астынан (колонка) пайдаланамыз. Сумен қамтамасыз ету саласындағы зертханалық көрсеткіштерге сүйенсек, судың шамамен 90%-ы құбыр желісі арқылы жеткізіледі, алайда оның бір бөлігі санитарлық нормаларға толық сәйкес келе бермейді.
Негізгі қауіп факторлары — адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін нитраттар, пестицидтер, мұнай өнімдері және ауыр металл тұздары. Бұған қоса, өндірістік ағын сулардың құрамында ішек таяқшасы, патогенді микроорганизмдер, тырысқақ вибрионы және басқа да бактериялар кездесуі мүмкін.
Осы себепті ауыз судың сапасын бағалау мәселесі өте маңызды әрі өзекті.
Зерттеу нысаны
Зерттеу нысаны ретінде:
- кәдімгі су құбыры желісінен алынған су;
- ауылдағы ауыз су бағдарламасы бойынша орнатылған КБМ (кешенді блок-модуль) жүйесінің суы алынды.
Болжам
Егер су мөлдір болып, дәмі жағымсыз емес және иіссіз болса, сондай-ақ хлор мөлшері, сутектік көрсеткіш (pH) және тұздылық нормативке сай келсе, онда ол ас суға қолдануға жарамды.
Зерттеу мақсаты
Болжамға сәйкес, зерттеудің мақсаты — су құбыры желісіндегі судың Жалпы мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау.
Әдебиеттерге шолу
Әдебиеттерде ауыз судың сапасының адам денсаулығына әсері, сондай-ақ суды хлорлау кезінде мутагенді қосылыстардың түзілуі туралы деректер қарастырылды.
Судың құрамы мен сапасын анықтау әдістері
Маңыздылығы
Адам ағзасында тәулігіне шамамен 2,5 л су алмасады. Сондықтан судың сапасы адамның жалпы күйіне, денсаулығына және жұмыс қабілетіне тікелей әсер етеді.
Су құрамындағы әртүрлі заттар судың иісін өзгертіп, тәттілеу, ащы немесе тұзды татым беруі мүмкін.
Органолептикалық бағалау
Ауыз судың татымы мен иісінің қарқындылығы 5 балдық шкала бойынша бағаланады. Судың сапасына күмән туындаса, арнайы сүзгі қолдану ұсынылады.
Зерттеуге енгізілген көрсеткіштер
- судың мөлдірлігін анықтау;
- судағы өлшенді бөлшектерді анықтау;
- иісін бағалау;
- татын (дәмін) бағалау.
Көрсеткіштер әртүрлі әдеби дереккөздер мен арнайы әдістемелер арқылы анықталды.
Химиялық зерттеу бағыттары
- сапалық реакциялар арқылы судағы иондарды анықтау;
- сутектік көрсеткішті (pH) анықтау;
- титриметриялық әдіспен судың тұздылығын (қаттылығын) анықтау.
Иондарды анықтау
Судың құрамында көптеген элементтер ион түрінде кездеседі. Иондардың бар-жоғын дәлелдеу үшін сапалық химиялық жартылай микроанализ әдісі қолданылды.
Сапалық үлгілер арқылы төмендегі иондардың болуы анықталады:
Катиондар
- магний (Mg²⁺)
- темір (Fe²⁺/Fe³⁺)
- мыс (Cu²⁺)
- қорғасын (Pb²⁺)
Аниондар
- бромид (Br⁻)
- йодид (I⁻)
- хлорид (Cl⁻)
- сульфат (SO₄²⁻)
Судың тұздылығы (қаттылығы)
Судың тұздылығы (қаттылығы) негізінен кальций мен магний иондарының болуына байланысты. Қаттылық: карбонатты (уақытша) және карбонат емес (тұрақты) болып бөлінеді.
Қайнатқаннан кейін ерітіндіде қалған тұздар тұрақты қаттылықты құрайды.
Жалпы қаттылықты титриметриялық әдіспен анықтау
- 1 250 мл конусты колбаға 100 мл зерттелетін су құйылады.
- 2 Сілтілі орта қалыптастыру үшін 5 мл аммиакты буфер ерітіндісі (NH4OH + NH4Cl) қосылады.
- 3 7–8 тамшы индикатор (қара эрихромды) тамызылады. Үлгі интенсивті қызыл-қошқыл түске боялады.
- 4 Ерітінді араластырылып, қошқыл-қызыл түс көк түске ауысқанша 0,05 М трилон Б ерітіндісі баяу қосылады.
Түсіндірме: сілтілі ортада трилон Б кальций және магний иондарымен әрекеттесіп, индикаторды ығыстырады да, түссіз қосылыс түзеді.
Есептеу формуласы
Жалпы қаттылық (X) төмендегі өрнек бойынша есептеледі:
X = (V × N) / V1
- V — титрлеуге жұмсалған трилон Б ерітіндісінің көлемі (мл);
- N — трилон Б ерітіндісінің мөлшері (0,05);
- V1 — титрлеуге алынған зерттеу ерітіндісінің көлемі (100 мл).
Сутектік көрсеткіш (pH)
Судың pH көрсеткіші әртүрлі индикаторлар арқылы тестіленеді. Индикатор түсінің өзгеруіне қарай сәйкес қорытынды жасалады.
Зерттеу барысындағы салыстырмалы талдау
Нысан атауы және мекенжайы
Кәдімгі су құбыры желісінен алынған су.