Айдардың сүйікті спортшысы кім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып және пән
- Сынып: 3-сынып (орыс сыныбы)
- Пән: Қазақ тілі
- Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты
- Өткен білімді саралау, пысықтау.
- Ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
- Сауатты жазуға дағдыландыру, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
- Ұлттық салт-дәстүрді білуге тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі.
Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, сендердің міндеттерің — осы үш тілді жақсы меңгеру. Бүгінгі сабақта қазақ тілін қаншалықты меңгергенімізді, білім деңгейімізді ортаға саламыз.
Маусым және Наурыз туралы әңгіме
Сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде қандай айлар бар?
- Наурызда қандай мереке бар?
Дұрыс: Наурыз мейрамы келе жатыр.
Наурыз мәні
22 наурыз күні күн мен түн теңеліп, күн ұзара бастайды. Бұл — халықтың қыстың ауыртпалығынан аман шығып, мал-жанын сақтап қалғанын білдіретін ерекше күн. Сондықтан ертедегі түркі тектес халықтар бұл күнді жаңа жылдың басы деп қарсы алған.
Ежелгі атауы «ұлы іс» деп айтылып, келе-келе «ұлыс» сөзіне айналғандықтан, мейрамды «Ұлыстың ұлы күні» деп те атайды.
Мерекеге арнайы дайындалып, Наурыз көже пісіреді, қазақы киім киеді. Киімдердегі ою-өрнектер әріптерге ұқсап келеді.
Көркем жазу
Ою-өрнектерге қарап, әріптерді еске түсіреміз. Бүгін «О» әрпін көркем жазамыз.
Жазып отырып, «О» әрпінен басталатын сөздер ойла: орамал, орындық, орман.
Ұлттық ойындар арқылы қайталау
«Бәйге»
Бәйге — ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес халықтарда да кездеседі: өзбектерде — «пайга», қырғыздарда — «чабыш».
Өткен сабақтағы «спорт» модулін еске түсірейік: спорт сөзіне байланысты сөздер жазыңдар.
«Жамбы ату» (сұрақтар)
- ҚР Президенті кім?
- Спорт түрлерін ата.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай?
- Қазақстанның әйгілі спортшыларын ата.
- Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір айда неше апта бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
- Сыныпта неше оқушы бар (ұл, қыз)?
- Сыныпта неше парта бар?
- Мен кіммін?
- «Не?» сұрағына жауап беретін сөздер қандай?
- «Кім?» сұрағына жауап беретін сөздер қандай?
- Алма қандай?
- Көктем айларын ата.
- Мектебің қай көшеде орналасқан?
- VII қысқы Азияда ойындары қайда өтті?
- Биылғы қысқы Олимпиада Ресейдің қай қаласында өтті?
«Қыз қуу» (жұптастыр)
Жұппен жұмыс: сөз тіркестерін сәйкестендір.
- Тау шаңғысы
- Мәнерлеп қуу
- Суға жаттығу
- Ұлттық шаңғысы
- Футбол залы
- Жаттығу жүзу
- Таңертеңгілік ойындар
- Қыз маусымы
Аудармасын сұра: тау шаңғысы, ұлттық ойындар, футбол маусымы, ептілік, күшті.
«Теңге алу» (сөйлемді толықтыр)
Сөйлемдерде кейбір сөздер түсіп қалған. Көмекші сөздерді қолданып, сөйлемді аяқта.
3-тапсырма
- Бос уақытымда мен …
- Маған … ұнайды.
- Кейде … барамын.
- Мен … айналысамын.
- Мен … жақсы көремін.
Көмекші сөздер
- сурет салғанды
- кітап оқимын
- киноға
- футбол
- бокспен
«Көкпар» — мәтінмен жұмыс
Оқылым. Айтылым. «Менің арманым»
Менің атым — Айдар. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Біз досым екеуміз бокс үйірмесіне қатысамыз. Менің сүйікті спортшым — Серік Сәпиев. Ол — қарағандылық боксшы. Мен де өскенде атақты боксшы болуды армандаймын.
Слайдта: мәтін оқылады, аударылады; кейін мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
Мәтін бойынша сұрақ-жауап
-
1) Айдар нешінші сыныпта оқиды?
Айдар төртінші сыныпта оқиды.
-
2) Ол бос уақытында не істейді?
Ол бос уақытында спортпен шұғылданады.
-
3) Айдар кіммен бірге бокс үйірмесіне қатысады?
Айдар досымен бірге бокс үйірмесіне қатысады.
-
4) Айдардың сүйікті спортшысы кім?
Айдардың сүйікті спортшысы — Серік Сәпиев.
-
5) Айдардың арманы қандай?
Айдардың арманы — атақты боксшы болу.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары.
«Аударыспақ» — жазылым тапсырмасы
5-тапсырма
Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып жаз. Жіктік жалғауларын белгіле.
- 1) Я спортпен айналысқанды люблю.
- 2) Сен два раза в неделю жаттығу залына барасың.
- 3) Мы досым екеуміз футболиспіз.
- 4) Вы спорттың қай түрімен занимаетесь?
Қосымша жұмыс
- «Шаңғы» сөзін жікте.
- «Ептілік» сөзіне дыбыстық талдау жаса.