Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

Құрметті қонақтар, сүйікті балалар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына _____ жыл толды. «Елу жылда ел жаңа» демекші, өмір _____ жыл ішінде көп өзгеріске ұшырады: нарықтық заман орнықты, ал тәуелсіз ел жастары үшін уақыт талабына сай өнерлі әрі білімді болып өсу міндеті айқындалды.

Тәуелсіз Қазақстан болашаққа нық бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына қосылуға қадам басты. Болашақтың тірегі — бүгінгі бүлдіршіндер, яғни сендер. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.

Ән-ұран Жүргізуші сөзі Тақпақтар Би

Тәуелсіздікке бастар жол

Ежелден-ақ жақсылықты Алладан тілеп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге сай қазақ еліне кең байтақ жер, дархан көңіл бұйырды. Алайда қиырдан қиырға дейін созылған ұлан-ғайыр даламызға жан-жақтан көз тіккендер аз болған жоқ. Ұлттың тілін, мәдениетін өркендетуге талай кезеңде мүмкіндік берілмеді.

Елдің жері, болашағы, үміті үшін желтоқсан күндері жас ғұмырын жалау еткен қазақтың ұл-қыздарының есімін атамай өту мүмкін емес: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызы. Олардың аңсаған арманы мен ақ ниетті үміті бүгін жүзеге асты: Қазақ елі тәуелсіздігін алды.

Бір өкініш бар: азаттық үшін жан аямай арпалысқан сол боздақтардың кейбірі бүгінгі бақытты сәтті көре алмады. Олардың ерлігі — мәңгілік.

Боздақтарға арналған тақпақтар

  1. 1-бала

    Қайраттай қайсар ұлдардың
    Жанымен келген еркіндік.
    Жазира мен Ләззаттың
    Арымен келген еркіндік.
    Қасірет пен қайғының
    Бәрімен келген еркіндік.

  2. 2-бала

    Он алтыншы желтоқсан —
    Ел мерейі тасыған.
    Қазақ деген қалың жұрт
    Бәрін кешті басынан.

  3. 3-бала

    Әр қазақтың есінде сақталады,
    Желтоқсандық өрендер ақталады.
    Ел намысын қорғаған сарбаздарым —
    Ерліктері мәңгілік сақталады.

  4. 4-бала

    Он алтыншы желтоқсан —
    Тәуелсіздік алған күн.
    Ерекше боп мәңгілік
    Ел жадында қалған күн.

Егемен елдің еңсесі

Жастарымыздың ерен ерлігін ұлықтау арқылы бүгінгі таңда егемендігімізді алып берген Қазақстан — тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз, туған жеріміз жылдан жылға көркейіп, жаңарып, өсіп-өркендей берсін.

1-бала

Елдігімнің — реңі,
Теңдігімнің — тірегі.
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым — арай таңым!

2-бала

Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

3-бала

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

Көрініс

Би: «Шаңырақ»

Қорытынды тілек

«Текке қаның төккен жоқ бабалар» демекші, осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын. Көк туымыз асқақтап желбірей берсін.

1-бала

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін қажет болса — құрбандық.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік.