Демеулік Шылаулардың емлесі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаулардың басқа сөз таптарынан айырмашылығы төмендегідей:
- Толық лексикалық мағынасы болмайды.
- Сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола алмайды.
- Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде қосымша мән үстеп қолданылады.
- Түрленбейді.
Ескерту: Шылаулар — лексикалық мағынасынан айрылу нәтижесінде қалыптасқан сөздер.
Шылаулардың түрлері
Шылаулар білдіретін мәніне қарай үш түрге бөлінеді:
Септеулік
Сөздерді белгілі қатынаста байланыстырып, әртүрлі мағыналық реңк береді.
Жалғаулық
Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырып, ойды бірізді етеді.
Демеулік
Сөйлеушінің көзқарасын, күшейтуді, шектеуді немесе басқа да реңктерді білдіреді.
Шылаулардың емлесі
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөзден бөлек жазылады, ал кейбірі дефис арқылы жазылады.
1) «және», «мен» (бен, пен) жалғаулықтары
Бұл жалғаулықтар қайталанбай қолданылса, байланыстырып тұрған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды.
Мысал: Керімбала мен Мұратәлі бұлар көшіп келген соң қыдырып келген.
2) «да» (де, та, те) шылауы
«Да» (де, та, те) шылауы бөлек жазылады. Оны түсіріп айтуға да болады, ал жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып қолдануға мүмкіндік бар.
Мысал: Балабектің де барғысы келді.
3) Дефис арқылы жазылатын демеуліктер
«-ақ», «-ай», «-ау», «-мыс» (‑міс), «-ды» (‑ді) демеуліктері шылау қызметінде жұмсалғанда, өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис арқылы жазылады.
Мысал: Діңкелеп шаршаған күн де ұясына барып қонды-ау ақыры.