Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру, бейнелеуіш сөздердің еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту

Сабақ туралы мәлімет

Пән

Қазақ тілі (6-сынып)

Сабақ тақырыбы

Бейнелеуіш сөздер

Сабақтың типі

Жаңа білім негіздерін қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Мақсат және міндеттер

Сабақтың мақсаты

Бейнелеуіш сөздер туралы түсінік беру және олардың еліктеуіш сөздерден айырмашылығын таныту.

Білімділік

Бейнелеуіш сөздердің құрамы мен тұлғасына қарай түрлерін меңгерту.

Дамытушылық

Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорын молайту; мәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алып, талдау, салыстыру, жинақтау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау әрекетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұжымда жұмыс істеуге үйрету; өзіне деген сенімділікті қалыптастыру; өз еңбегі мен өзгенің еңбегіне әділ баға беруге баулу; еңбек мәдениетін дамыту.

Әдіс-тәсілдер және ресурстар

Сабақтың әдістері

  • Жекелей жұмыс және топтық жұмыс
  • Формативті бағалау
  • «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы
  • Венн диаграммасы
  • Бекіту, қорытындылау, рефлексия
  • Синектика әдісі

Көрнекіліктер

АКТ Кеспе қағаздары Тірек сызбалар Смайликтер Маркер A3 формат

Сабақ кезеңдері

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сәлемдесу, кезекшінің мәлімдемесі, журнал бойынша түгендеу.

  2. II

    Үй тапсырмасын сұрау

    Жекелей және жалпы сыныппен тапсырмаларды тексеру.

  3. III

    Жаңа сабақты түсіндіру

    Еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің айырмашылығын ашу, топтық талдау.

  4. IV

    Қорытынды және бекіту

    Жекелей тапсырмалар арқылы білімді жинақтау және бекіту.

  5. V

    Бағалау

    Формативті бағалау, смайлик арқылы кері байланыс.

  6. VI

    Рефлексия

    Сабақ бойынша әсер, түсіну деңгейі және ұсыныстарды анықтау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және психологиялық ахуал

  • Топқа бөлу: «еліктеу», «еліктеуіш сөз», «бейнелеуіш сөз» жазылған таратпалар арқылы.
  • «Сағат арқылы серіктес» тренингі: жұп ауыстырып, қысқа диалог құру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Жекелей тапсырмалар

  • Абайдың табиғат лирикасынан еліктеу сөздерді табу.
  • Зерттеу жұмысы: орыс және ағылшын тілдеріндегі еліктеу сөздерге мысал жинау.
  • Өткен прозалық шығармалардан еліктеу сөздерді табу.

Жалпы сынып жұмысы

Оқулықтағы 231-жаттығу тексеріледі: еліктеу сөздерді тауып, мысал келтіреді; тіркесіп келген етістігімен бірге айтып, сөздің мағынасын ашады.

Бағалау

Оқушылар өз бағасын смайликтер арқылы көрсетеді.

3) Тәжірибе арқылы түсіндіру (өмірмен байланыстыру)

A) Дыбыстық еліктеуіш

Сіріңкені жағып, стақандағы суға батыру: «От қалай сөнді?» — «От быж етіп сөнді».

«Дыбысты қай сезім мүшесі арқылы қабылдадыңдар?» — Құлақ арқылы.

B) Дыбыстық еліктеуіш

Барабанды соғу: «Барабан қайтті?» — «Барабан дүңк етті».

C) Дыбыстық еліктеуіш

Шар үрлеп, жару: «Шар қалай атылды?» — «Шар тарс етті».

Осы бақылаулардан кейін оқушылар өткен тақырып ережесіне сүйеніп, қорытынды жасайды: дыбыстарды біз есту арқылы қабылдаймыз, ал еліктеуіш сөздер дыбысты дәл бейнелейді.

Бейнелеуішті ұғындыру

  • Оқушының атын атап шақырып, өзіне қаратқанда: жалт қарау.
  • Мұғалім жүріп келе жатып, кенет тоқтағанда: кілт тоқтау.

4) Жаңа сабақты ашу (топтық жұмыс)

Слайдта найзағай мен фейерверктің суреттері көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады: «Еліктеуіш сөздермен салыстырғанда қандай айырмашылық байқадыңдар?» Оқушылар өз ойларын айтып, қорытынды жасайды.

Тапсырма

  1. 1Топтар оқулықтағы «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбын оқып, талдайды.
  2. 2Алынған ақпаратты сызбаға түсіреді.
  3. 3Постерді ортаға шығып қорғайды.
  4. 4Қарсы топ мүшелері алғыс айтып, қошемет білдіреді.
  5. 5«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы екі күшті жағын және бір ұсынысын айтады.

5) Қорытынды және бекіту (жекелей жұмыс)

1-тапсырма

Төмендегі сөздерді екі бағанға бөліп жазыңыздар: еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер.

Сөздер жиынтығы

Сақ, жарқ, борт, баж, даң-дұң, жылтың-жылтың, қалт-құлт, қырш-қырш, маңқ, лап, бұрқ-сарқ, сытыр-күтір, дүңк, арс, тарс-тарс, бұлқан-талқан, сықыр-сықыр, тараң, сылқ, салп-салп, гүрс, бүлк, сарт-сұрт, дір-дір, тық-тық, селк, салдыр-күлдір, зып, қалт, пыс-пыс.

Қажет болса, әр сөздің тіркесіп келген етістігімен бірге қолданылуын айтып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Ескерту

Келесі қадам: «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбы бойынша қосымша тапсырмалар жүктеледі.