Ауызша есептеулер

Сабақтың бағыты

Тақырыбы

4-ке көбейту және бөлу

Сабақтың типі

Жаңа білім беру

Түрі

Аралас сабақ

Мақсат-міндеттер

Мақсаты

  • 4-ке көбейту және бөлудің тәсілдерін меңгерту.
  • Есте сақтаудың тиімді жолдарын бірге табу.
  • Білім, білік, дағдыны кеңейту және тереңдету.
  • Есептеу машығын жетілдіру.

Дамытушылығы

  • Оқушылардың логикалық ойлауын, салыстыру дағдыларын дамыту.
  • Зейінін, белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Ауызша және жазбаша есептеу арқылы білім деңгейін көтеру.

Тәрбиелік мәні

  • Оқытуды өмірмен байланыстыруды нығайту.
  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
  • Алған білімді қолдануға, татулыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.

Әдісі және көрнекілігі

Әдісі: проблемалық іздену, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: жазбақағаздар, логикалық тапсырмалар жазылған таратпа материалдар, интербелсенді тақта, оқулық.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбек етіп топтаса,

«5»-ке қолды жеткізу.

II. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша)

Қайталау

2 мен 3-тің көбейту және бөлу кестелері.

Логикалық тапсырмалар

Үш топқа тапсырмалар беріліп, топпен шешіледі.

1-топ

Торда үш қоян бар еді. Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалды. Бұл қалай мүмкін?

Жауабы: біреуі қоянды торымен бірге алып кетті.

2-топ

Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады. Бір аяғымен тұрса, неше кг тартады?

Жауабы: 3 кг.

3-топ

Бес бұтақты қайыңда, әр бұтағында бес алма. Біреуін бер Сайынға, сонда қалды неше алма?

Жауабы: қайыңда алма өспейді.

III. Жаңа сабақ (проблемалық іздену)

1-тапсырма

Төрт бірдей санның қосындысын табыңдар және оны көбейту түрінде жазыңдар.

1-топ

4+4+4+4=16

4×4=16

2-топ

3+3+3+3=12

3×4=12

3-топ

2+2+2+2=8

2×4=8

2-тапсырма

Бөлуді қолданып, әр топ өз есебін шығарады.

1-топ

16 дәптерді 4 бала тең бөліп алса, әрқайсысы нешеуден алады?

16 ÷ 4 = 4

2-топ

12 қарындашты 3 бала тең бөлсе, әрқайсысы нешеуден алады?

12 ÷ 3 = 4

3-топ

8 кәмпитті 2 бала тең бөлсе, әрқайсысы нешеуден алады?

8 ÷ 2 = 4

Мұғалімнің қорытындысы: барлығында 4 шықты — бәрекелді! Ендеше бүгінгі тақырып: 4-ке көбейту және бөлу.

Проблемалық сұрақ

Көбейту кестесін не үшін қолданамыз?

Көп таңбалы сандарды тез есептеу және есептерді жеңілдету үшін.

4 санына қатысты қандай ұғымдарды білесіңдер?

  • Дүние 4 бағыттан тұрады: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
  • 4 мезгіл: қыс, көктем, жаз, күз.
  • 4 түлік мал.

4-ке көбейту кестесін құрастыру

Қосынды арқылы

4×4 = 4+4+4+4 = 16

4×5 = 4+4+4+4+4 = 20

4×6 = 4+4+4+4+4+4 = 24

Алдыңғы нәтижеге 4 қосу арқылы

4×5 = (4×4)+4 = 20

4×6 = (4×5)+4 = 24

Әрбір келесі көбейтінді 4-ке артып отырады: 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.

Есте сақтауға ыңғайлы байланыс

Ауыстырымдылық

5×4 = 4×5

6×4 = 4×6

7×4 = 4×7

Кері амал: бөлу

Көбейтіндіге кері амал — бөлу. Көбейту кестесі арқылы бөлу кестесін құрамыз.

16 ÷ 4 = 4

20 ÷ 4 = 5

24 ÷ 4 = 6

Тексеру: 4×4 = 16

Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді,

Тарсылдатпай еденді.

Орнымыздан тұрып ап,

Жүгірейік бір уақыт.

1, 2, 3 — біз есепке салдық күш.

Артық десе — қосамыз,

Кем десе — аламыз.

Есе артық десе — көбейтеміз,

Есе кем десе — бөлеміз.

Бір, екі, үш.

Жаттығулар мен тапсырмалар

№4

Ауызша есептеулер (3 топқа бөліп орындалады).

№5

Бос орынға тиісті санды қой.

№6

Тез есепте.

№7

Есепті оқы: шешуін және жауабын жаз.

№9–10 (топтық жұмыс)

1-топ

Қабырғасының ұзындығы 4 см болатын шаршының периметрін тап.

2-топ

Периметрі 24 см, 32 см, 28 см болатын шаршылардың қабырғасының ұзындығын тап.

3-топ

Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыштың периметрі 22 см, үшінші қабырғасы 6 см. Өзара тең қабырғалардың ұзындығын тап.

№11 (өзіндік жұмыс)

Меңгере біл.

IV. Бекіту және қорытынды

Өзін-өзі тексеру

Көбейту мен бөлуді меңгергендеріңді 2–3 мысал арқылы өздерің тексеріп көріңдер.

«Білгенге маржан» тапсырмасы

Берілген сандардың ішінен 4-тің көбейту кестесінде кездесетіндерін теріп жазып, мысалдармен дәлелдеңдер.

1-топ

15, 16, 74, 36, 86, 18

2-топ

21, 17, 24, 41, 32, 27

3-топ

14, 20, 37, 41, 28, 92

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта не үйрендік?
  • Не туралы білдік?

Бағалау: оқу жетістіктері бойынша қорытынды баға қойылады.