Қуан шаттан алақай Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін
Ашық сабақ жоспары: «Ғажайып математика»
Білім саласы: Таным · Бөлім: ҚМҰҚ
Топ
«Желкен» ортаңғы тобы
Тәрбиеші
Смағұл Ф. Т.
Тақырып
- 5 саны және 5 цифрымен танысу
- Кеңістікте бағдарлау: сол жағында, оң жағында, ортасында (сондай-ақ: алдында, артында)
Мақсаты
- 5 көлемінде санап үйрету.
- Нүктелерді қосу арқылы 5 цифрын жазып үйрену.
- Сандарды тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.
- Заттың орналасуын сөзбен дұрыс айтуға үйрету: сол жақта, оң жақта, ортасында, алдында, артында.
- Жыл мезгілдері туралы өткенді пысықтау.
Әдіс-тәсілдер
Қажетті көрнекіліктер
- Суреттер
- Шарлар
- Геометриялық пішіндер: үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелек
- Сандар
- Үлестірмелі материалдар
Билингвальді компонент
- Сол жақта
- слева
- Оң жақта
- справа
- Ортасында
- посередине
Сабақ барысы
Кезең
Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиешінің әрекеті
Балалармен амандасады, келген қонақтармен сәлемдесуге шақырады.
Өлең (сәлемдесу)
Біз әдепті баламыз,
Амандасамыз үлкенмен.
Алдыменен қонақпен —
Тәрбиенің басы ғой.
Қанеки, бәріміз:
«Сәлем!» — дейік үлкенге.
«Жылулық шеңберін» ұйымдастырып, қол ұстасып «күн» жасайды.
Күн туралы сұрақ қояды, «қайырлы таң» тілеуді ұсынады.
Өлең (таңғы тілек)
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн —
Күліп шықты күн бүгін.
Балаларды орындарына отырғызып, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетінің математикаға арналатынын айтады.
Балалардың әрекеті
- Сәлемдеседі, қонақтарға ілтипат білдіреді.
- Шеңберге тұрып, бірге әрекет етеді.
- Сұрақтарға жауап береді, өлеңді қайталайды.
- Қол соғып, жақсы көңіл күй қалыптастырады.
Кезең
Ұйымдастырушылық-ізденіс
Кіріспе: Шарлар арқылы жыл мезгілдерін қайталау
Ақ
Қыс: қыста жер аппақ болады.
Сары
Күз: жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Жасыл
Көктем: табиғат оянып, жер беті жасылданады.
Қызыл
Жаз: гүлдер құлпырып, алқызыл түске боялады.
Балалар «сиқырлы шардың» ішінде тапсырмалар барын біледі. Тапсырмаларды дұрыс орындаса, «сиқырлы кілемшеге» отырып, «Ғажайып математика еліне» саяхат жасайды.
1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін санау
- Тура санау (1 → 5).
- Кері санау (5 → 1).
- Екі тілде санау (қазақша және орысша).
2-тапсырма: Дидактикалық ойын «Санның көршісін тап»
Балалар 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ретімен қойып, әр санның көршілерін (алдындағы және кейінгі) анықтайды.
3-тапсырма: Логикалық есептер
- Алиханның анасы дүкеннен 2 доп сатып алды. Оның біреуін Алихан інісіне берді. Алиханда неше доп қалды? (1)
- Ағашта 5 құс отыр. Оның 2-еуі ұшып кетті. Ағашта қанша құс қалды? (3)
- Себетте 2 алма, табақта 3 алма. Барлығы неше алма? (5)
4-тапсырма: Жұмбақтар
-
Ұлпа жүнін қыздырып,
Күн шуақта бір күшік отыр еді маңына.
Келді тағы бір күші.
Қанша күшік барлығы? (2) -
Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар.
Қорапқа кірді біреуі,
Соңынан кетті екеуі.
Тығылды сонда нешеуі? (3) -
Алты қонжық орманға бара жатты қорбаңдап.
Бірі олардың шаршады, әрі қарай бармады.
Жауабын тез айт: қанша қонжық кетті алда? (5)
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс · Саусақ жаттығулары
Бір саусағым тіпті де — ұстай алмас жіп те де.
Екі саусақ бірікті — ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды — жүгіртеді қаламды.
Бәрінен де бес саусақ — қала салсақ, жол салсақ!
Сергіп алғаннан кейін сабақ әрі қарай жалғасады: балалар ақылмен ойлап, әртүрлі нәрсе жасауға болатынын талқылайды.
Геометриялық пішіндермен жұмыс
Балалар түрлі-түсті пішіндерді атап, ажыратады: тіктөртбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.
Жұмбақ: Дөңгелек
Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым — дөңгелек.
Жұмбақ: Үшбұрыш
Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер, құлақ асқан сөзіме.
Мен — үшбұрыш.
Жұмбақ: Шаршы
Теледидар таныс екен баршаға,
Ал пішінім ұқсайды ғой шаршыға.
Ойын: «Пішіндердің орнын құрастыра білеміз бе?»
Үлестірме материалдарды пайдаланып, балалар пішіндерді берілген кеңістікке дұрыс орналастырады және нәтижесінде түрлі бейнелер құрастырады.
Нәтиже
Пішіндерді ажыратты.
Нәтиже
Орналастыруды орындады.
Нәтиже
Қарапайым құрастыру жасады.
Кезең
Қорытынды
Бүгін не істедік?
- 1-ден 5-ке дейін тура және кері санадық.
- Логикалық есептер шығардық.
- Жұмбақтардың шешуін таптық.
- Геометриялық пішіндерді ажыратып, кілемшеге орналастырдық.
Қоштасу өлеңі
Сау-саламат болайық.
Балалар қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже
Білім, білік және тұлғалық дағдылар
Қолынан келуі
- Геометриялық пішіндерді ажыратады.
- Пішіндерді кілемшеге дұрыс орналастырады.
- 5 цифрын нүктелерді қосу арқылы сыза алады.
Білуі қажет
- Сандарды тура және кері санау.
- Қарапайым логикалық есептерді шешу.
- Жұмбақтардың жауабын табу.
- Кеңістікті бағдарлау сөздерін қолдану: сол жақта, оң жақта, ортасында, алдында, артында.
Болу керек
- Зейінді, ұқыпты, мейірімді.
- Есте сақтау қабілеті дамыған.
- Ойлау қабілеті қалыптасқан.