Сөйлемді жалғастыр жаттығуы
Сабақтың тақырыбы
«Алақай, мен 5-сыныпта оқимын!» — 5-сынып оқушыларына арналған тренинг сабағы.
Сабақтың мақсаты
5-сынып оқушыларына орта буында (орта мектепте) оқу жағдайына бейімделу кезеңінде психо-педагогикалық қолдау көрсету.
Сабақтың міндеттері
- 5-сынып оқушысының жаңа әлеуметтік статусы туралы түсінігін дамыту.
- Өз мүмкіндіктеріне сеніммен қарап, жетістікке ұмтылуға дұрыс қатынас қалыптастыру.
- Тату өмір сүрудің қажеттілігін және өзара түсіністіктің маңызын түсіндіру.
Қажетті құралдар
Жетекші
Педагог-психолог: Бокушева А. Н.
Жұмыс жоспары
Тренинг сабақ оқушылардың танысуынан басталып, топтық ережелерді бекіту, ой қозғау және өзін-өзі тануға бағытталған жазбаша тапсырмалар арқылы жалғасады.
-
1
Танысу. «Өзіңді мақта!» жаттығуы
Өзін таныстыру, өзіне жағымды қасиеттерді айту арқылы сенімділікті арттыру.
-
2
«Орнымызды ауыстырамыз» ойыны
Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту және сынып туралы қосымша ақпарат алу.
-
3
Топтық ережелерді қабылдау
Қауіпсіз әрі ашық орта қалыптастыру.
-
4
Ой қозғау. «Сөйлемді жалғастыр»
Өткен тәжірибені еске түсіру, 5-сыныптағы үміт пен жоспарды анықтау.
-
5
«Мен кіммін? Мен қандаймын?»
Өзіндік бағалау, сырт көзбен қабылдауды салыстыру.
-
6
«Мен үшін не маңызды?»
Құндылықтарды анықтау және таңдау себебін түсіндіру.
-
7
«Дос іздеймін» жаттығуы
Қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тапсырма.
-
8
Кері байланыс және қорытындылау
Сабақ әсерін бөлісу, негізгі ойларды жинақтау.
-
9
Үй тапсырмасы
Өзін-өзі бақылау мен ойлануды жалғастыруға арналған шағын тапсырма.
Тренингтің негізгі бөлімдері
1) Танысу. «Өзіңді мақта!»
Форматы: шеңберде, доп арқылы
Өту барысы
Оқушылар шеңберге тұрады. «Сиқырлы доп» кезекпен беріледі. Допты алған әр оқушы өзіне бір-екі жақсы қасиетін айтып, өзін мақтайды.
Жүргізуші үлгісі
«Мен өзімді ақылды және мейірімдімін деп мақтаймын, себебі әрқашан оқушыларыма, олардың ата-аналарына және айналамдағы адамдарға көмектесуге тырысамын».
Нәтижесі
Жаттығу оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, батылдық пен ашықтықты дамытуға көмектеседі.
2) «Орнымызды ауыстырамыз»
Форматы: қимылды ойын
Бұл ойын қимылдауға, көңіл күйді көтеруге және бір-бірі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Ереже
Бір орындық алынып тасталады. Жүргізуші бос орынға отырып алуға тырысады және белгілі бір сипаттамаға сай оқушыларға орын ауыстыруды ұсынады.
Мысал тапсырмалар
- Кімнің достары көп — орындарын ауыстырсын.
- Алмұртты жақсы көретіндер — орындарын ауыстырсын.
- Оқуды жақсы көретіндер — орындарын ауыстырсын.
- Домбыра тарта алатындар — орындарын ауыстырсын.
- Балмұздақты жақсы көретіндер — орындарын ауыстырсын.
- Ата-анасына көмектесетіндер — орындарын ауыстырсын.
3) Топтық ережелерді қабылдау
Форматы: келісім және белгі беру
Жүргізуші танысудан кейін топтық ережелерді ұсынады. Қатысушылар ережемен келіссе — қол шапалақтайды, келіспесе — аяқтарымен жерді жеңіл тысырлатады.
Ашық әңгімелесу
Ойды еркін, сыйластықпен айту.
Белсенді болу, әзілдей білу
Қатысуға дайын болу және көңілді сақтау.
Бағаламау
Бір-бірін сынамай, қолдау көрсету.
Сөзді бөлмеу
Әркімге тыңдалу мүмкіндігін беру.
Көп қарым-қатынас жасау
Сыныптағы өзара таныстық пен түсіністікті күшейту.
4) Ой қозғау. «Сөйлемді жалғастыр»
Форматы: жазбаша жұмыс
Тапсырма
1) «Бастауыш мектепте маған бәрінен де есте қалғаны...»
2) «5-сыныпта мен (маған)... келеді.»
Талқылау сұрақтары
- 5-сыныпта қандай қиындықтар болды?
- Келіспеушіліктер туындаған сәттер болды ма?
- Қандай қызықты оқиғалар болды?
Мақсаты
Оқушылардың 5-сыныпқа өткеннен кейінгі өзгерістерді байқауына, жаңалықтарды бөлісуіне және жаңа ортаға бейімделу тәжірибесін сөзбен жеткізуіне жағдай жасау.
5) «Мен кіммін? Мен қандаймын?»
Форматы: жазбаша жұмыс + талқылау
Сөйлемді жалғастыру
- «Менің ойымша, мен...»
- «Басқалар мені ... деп ойлайды.»
- «Мен ... болғым келеді.»
Әр сөйлемге 5–6 сөзден жазуға болады.
Сөздер тізімі (үлгі)
Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Көпшілікке ортақ, жиі қайталанған қасиеттер белгіленіп, сыныптың ортақ құндылықтары ретінде қорытындыланады.
6) «Мен үшін не маңызды?»
Форматы: жағдаяттық тапсырма
Жағдаят
Балалар ата-аналарымен бірге ұзақ уақытқа елсіз аралға демалысқа бара жатырмыз деп елестетеді. Ата-аналар өзімен бірге тек бір чемодан және соның ішіне салатын ең маңызды үш затты ғана алуға рұқсат береді.
Тапсырма
«Сіз не алып кетер едіңіз?» — таңдаған үш нәрсені қағазға жазыңыз.
Әрі қарай әр оқушы өз тізімін оқып, дәл осы үш нәрсені не үшін таңдағанын қысқаша түсіндіреді. Бұл бөлім құндылықтарды тануға және өз таңдауыңды негіздеуге үйретеді.
Кері байланыс және қорытынды
Сабақ соңында оқушылардан қысқаша пікір алынады: не ұнады, не қиын болды, қандай ой түйді. Жүргізуші негізгі тұжырымдарды жинақтап, сыныптың жаңа ортаға бейімделу жолында бір-бірін қолдаудың маңызын атап өтеді.