Кассадан өтілген әріптерді атау

Сауат ашу Мектепалды даярлық Коммуникация

Сабақтың мақсаты

  • Жаңа «Ы» дыбысымен және оның әріп таңбасымен таныстыру.
  • «Ы» дыбысы бар сөздерді айтып, дыбыстық талдау жасау.
  • Сөйлем, сөз туралы ұғымдарды кеңейту.
  • Балалардың ойлауын және сөйлеу тілін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы көңіл күй сыйлайды.

Кел, балалар, тұрайық, шаттық шеңбер құрайық.
Армысың, қайырымды аспан-ана!
Армысың, шапағатшы күн-ана!
Армысың, мейірімді жер-ана!
Армысың, достарым — сендерді көрсем қуанам!

Психологиялық дайындық

  • Көңіл күйлерің қалай?
  • Сабаққа дайындығың қалай?
  • Ынтаң қалай? Ендеше бастайық.

Ой қозғау және қайталау

Тыңдалым

«Ала бұзау» (авт. Ерешова К.) әңгімесі оқылады. Оқылымнан кейін балалармен сұрақ-жауап жүргізіледі.

Талқылау сұрақтары

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Дауыссыз дыбыстар ше?

Бекіту

  • Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
  • Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
  • Әріп дегеніміз не?

Бұрын өткен әріптерді кассадан алып, атау арқылы қайталайды. Соңынан «С» және «Б» дыбыстарына сөз ойлап айту тапсырмасы орындалады.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

Әр дұрыс сөз үшін балаға тәтті кәмпит беріледі. Ойын соңында кәмпитті көп жинаған топ жеңімпаз атанады.

Сөз және сөйлем туралы түсінік

Балалармен бірге: сөз неден тұрады, сөйлем неден тұрады деген сұрақтар арқылы қорытынды жасалады.

1-топ

Сурет бойынша сөзге сөйлем құрайды.

2-топ

Суреттегі сөзді буынға бөледі және неге 1–2–3 буынға бөлінетінін түсіндіреді.

3-топ

Суреттегі сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Жаңа сабақ: «Ы» дыбысы және әрпі

Миға шабуыл

Балалардың назарын асхана орталығына аударып, бір баланы шақырып, оның іс-әрекеті бойынша қысқа әңгіме құрату.

Жетелеуші сұрақ

Шыны, қасық, тәрелке, шәйнек сияқты заттарды бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар «ыдыс» сөзін бірнеше рет қайталап, созып айтады: Ы-ы-ды-ы-ы-с. Сөздің басында естілетін дыбысты анықтайды.

Ы ы «Ы» дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі.

Тыңдалым: бейнероликпен жұмыс

Бейнеролик тыңдалып, ондағы тапсырмалар сыныппен бірге орындалады. Талқылау барысында «Ы» дыбысының айтылу ерекшелігі анықталады.

Айтылуына қарай «Ы» қандай дыбыс? Жуан ба, жіңішке ме? Қорытынды: «Ы» — жуан дауысты дыбыс.

Бірге оқылық: буын құрастыру

Кеспе әріптердің көмегімен буындар құрастырылады және оқытылады.

ыл ыс ыр ыш

Тіл ұстарту жаттығуы

Ыс-ыс-ыс —
Келіп қалды қыс.

Дәптермен жұмыс

  • Үлгі бойынша «Ы» дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады.

Топтық жұмыс

Үлестірмелі суреттер арқылы сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап, «Ы» дыбысының орнын анықтайды.

1-сурет

Ыдыс

2-сурет

Мысық

3-сурет

Қозы

Жұптық тапсырма: «Кім жылдам?»

Қима әріптердің көмегімен сөздерді құрастырып жазады:

Ырыс Ыдыс Шыны

Қорытынды

Шеңбер бойымен бекіту

Балалар допты бір-біріне лақтырып, сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.

Автор туралы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосы

Әбу Сәрсенбаев жалпы орта мектебі

Мектепалды даярлық тәрбиешісі: Пауешова Гульнар Тлекқабылқызы

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» сілтемесі бастапқы мәтінде көрсетілген, бірақ URL берілмеген.