Құттықтаймын мама мерекеңмен

Мерекелік кештің ашылуы

Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен. Көктемнің күні анадай мейірімін төгіп, жер бетіне гүл әкелгендей. Біз де шын жүректен, ақ ниетпен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері!

Бүгін сіздерді көптен күткен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. «Бөбек» тобының «Ана — өмірдің гүлі» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

  • Алғашқы құттықтау сөз — балабақша директоры апайға.
  • Келесі сөз — ата-аналарға беріледі.

Ана туралы жүрекжарды сөз

Тіршілікке нәр берген ана сүті — қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылықтың бастауы, адамдық қасиет, ақ тілек пен мейірім — бәрі де «ана» деген қасиетті сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары, жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би — сіздер үшін мерекелік шашулар!

Осы орайда «Бөбек» тобының балаларын ортаға шақырамыз.

«Ана туралы баллада» (вальс)

Балалардың тақпақтары

Мирас

Жердегі бар тағамнан ана сүті нәрлі екен. Бұл жалғанда анамнан сүйікті адам бар ма екен?

Нұрасыл

Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз. Әжені де ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Динара

Анам болса қасымда, басқа бақыт не керек? Анашымның жүрегі мейірімді ғой керемет.

Бүгінгі мерекеге арналады әсем билер, көтерілсін көңіл күйлер!

«Айгөлек» биі

Әжелерге арнау

Бүгінгі мерекеде әжелерімізді де құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі тақпақтар — аяулы әжелерімізге арналады.

Ж. Амина

Менің әжем — гүл әжем, алтын әжем, күн әжем. Анам үшін, мен үшін — нағыз әжем, тіл әжем.

Әділжан

Ақ әжемді әрқашан сыйлап, жақсы көремін. Қуантайын деп оны өлең айтып беремін.

Адай

Мен әжемді сүйемін, киімді өзім киемін. Ақылына көнемін, өлең айтып беремін.

Хор

«Құттықтаймын, мама, мерекеңмен!»

Көктемнің келуі

Ақ қар еріп, су көбейіп, сай-салада ағады. Бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек басады. Мал маңырап, төл жамырап, жайлау малға толады. Айтыңдаршы, бөбектерім, бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: Көктемде!

Көктем

Армысыздар, балақайлар! Әзиз әже, назды апайлар! Мол шуақты ала келдім, қуаныңдар, балақайлар. Мен құлпырған бәйшешектей келіп жеттім көктемменен. Шаттаныңдар, мейірімді аналар — бұл мереке тек сіздерге арналар!

Амансың ба, ару көктем? Ұлан-байтақ жерімізге қош келдіңіз! Шуағыңды мол төге бер. Ендеше, балаларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарын қабыл ал.

Көктемге және аналарға арналған өлеңдер

Інжу

Көктем келді жадырап, күн нұрымен таласып. Жайнай берші жадырап, жаны жайсаң аналар!

А. Амина

Айтсаң болды — тіл алам, әйбат мамам, ай мамам. Сені көрсем — қуанам, сен керексің қайда да.

Інжумаржан

Анам менің, анашым, сені жақсы көремін. Мерекеңмен бүгінгі құттықтаймын мен сені.

Алтын

Жүзімізге қараңыз — бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күн шуағы, бізге қымбат аналар!

Ойын және ән

  • Ойын: «Анамызды сәндейміз»
  • Ән: «Қошақаным қайда екен»

Ән шашу

Әйел-ана — отбасының жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болған балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адам ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Топ-топ балақан»

Қорытынды құттықтау

Ана — барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, шаңырағы берекелі. Өйткені олар үшін ең әуелі — отбасының ынтымағы. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана — бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңмен бастап өмір жолдарын, жүрегіңе жүрегімді жалғадым. Өзің сыйға берген мына өмірде ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз! Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, «Ана — өмірдің гүлі» атты ертеңгілігімізді ықыласпен тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутин ауылы

«Ақбота» балабақшасы

Тәрбиеші: Байсеитова Гүлзи Байсеитқызы