Паравоздың суреті
Драматизациялық ойындар: «Аулада»
Мақсаты
Тілдік естуді және дауысқа еліктеу қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар
- Ойыншық қораз
- Ойыншық тауық
- Ойыншық қаз
- Ойыншық торғай
Ойын барысы
Тәрбиеші өлеңді мәнерлеп оқиды және сәйкес суреттерді көрсетеді.
Ақ тауық, ау, ақ тауық, Ақ тауық неден қақсауық? Ерте таңнан қыт-қыттайды, Ауламыздан шықпайды.
Балпаң басқан үйрегім, Бұлтыңдайды бүйрегің. Жалпақ тұмсық жем іздеп, Қырқылдайсың, қоймайсың, Тамаққа бір тоймайсың.
Торғай-торғай тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап. Бөтегесі томпайып, Шиқ-шиқ десіп отырмақ.
Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады. Мяу-мяу, мяу-мяу.
«Ән-жыр»
Мақсаты
Дыбысты дұрыс айтуды бекіту. Тілдік естуді және тілдік белсенділікті дамыту, еліктеу арқылы дыбыс тіркестері мен дыбыстарды айта білу дағдысын қалыптастыру.
Қажетті құралдар
- Бұзау
- Лақ
- Қозы
- Бота
Ойын барысы
Тәрбиеші өлеңді оқып, ойыншық кейіпкерлерді көрсетеді. Өлең ішіндегі еліктеу сөздерді балаларға қайталатып үйретеді.
Өлең: «Әнші төлдер»
Жайылымнан кешкілік Жамырады бес түлік. Төңірекке тараған Төлдер әнін естідік. Мә-мә деген әні бар, Секірер өр, жаны бар. Селтеңдеген лағым — Секіргіш бір жануар. Мәә-мәә деген әні бар, Жібек тоны — сәні бар. Қошақаным момақан, Сүйкімді бір жануар. Бөө-бөө деген әні бар, Енесін тез сағынар. Жібек жүнді ботақан, Мөлдір көзді жануар. Мөө-мөө деген әні бар, Үй маңынан табылар. Ойқастаған бұзауым — Ойнақтағыш жануар. Күмбірлеген әні бар, Желкілдеген жалы бар, Желдей өсіп құлыншақ — Желмен шапқан жануар. Әдібай Табылдиев
Өлең соңында балалардан әр жануардың қалай дыбыстайтынын сұрап, пысықтаңыз.
«Тауық пен балапандар»
Мақсаты
Дауысқа еліктеу қабілетін және кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Қажетті құралдар
Қораз бен балапандардың бастары салынған бас киімдер (балалардың саны бойынша).
Ойын барысы
Тәрбиеші қоразды, ал балалар балапандарды бейнелейді. Қораз балапандарымен көгалда қыдырып, жемді шұқып жейді (саусақтарымен еденді тықырлатады).
Қораз
Мен қоразбын, қоразбын, Жалқаулармен аразбын. Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятам жар салып. «Ку-ка-ре-ку!» — деп нықтап, Айтты өзінше ақылды. Әке-шешең сендерге Тамақ іздеп кетеді, Менің күнім — таң атты, Күн батты — өтіп кетеді. Қызмет етіп теп-тегін Жүрмеймін босқа, жетеді. Тым болмаса көңілімді Көтерсеңдер не етеді?
Балапандар
Қыт-қыт-қыт-қыт, «иә» — деп, Сүйер бар балақан. Мен — сары балапан, Енеме еремін. Көгалды шоқып көп, Дән іздеп теремін.
Тәрбиеші балалардың өзінен соң «ку-ка-ре-ку» және «қыт-қыт-қыт-қыт» дыбыс тіркестерін анық айтуына қол жеткізеді.
«Шөре-шөре»
Мақсаты
Дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту.
Қажетті құралдар
- Ешкі, жылқы, сиыр, түйенің суреттері
Ойын барысы
Тәрбиеші өлеңді оқиды және жануарлардың суреттерін көрсетіп отырады.
Өрісте өскен жануар, Шөкетайым, қайдасың? «Шөре-шөре» — деп ешкіні шақырады. Қамбар ата өсірген, Құла атым, қайдасың? «Құрау-құрау» — деп жылқыны шақырады. Зеңгі баба өсірген, Әукешім менің, қайдасың? «Ауқау-ауқау» — деп сиырды шақырады. Ойсыл қара баласы, Ботақаным, қайдасың? «Көс-көс» — деп түйені шақырады.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалаңыз.
«Бип, бип, пыш»
Мақсаты
Еліктеу арқылы дыбыстарды дұрыс айтуды бекіту.
Қажетті құралдар
Паравоздың суреті.
Ойын барысы
Тәрбиеші өлеңді оқиды, ал балалар бірінен соң бірі тізбектеліп паравоздың қимылын жасайды. Содан кейін еліктеу сөздерін қайталап айтады.
Бип, бип, пыш — Мен паравоз болам. Саяхатқа бет алам, Бірте-бірте тездейміз, Тез жетуді көздейміз. Бип, бип, пыш — Көп қаладан өтеміз. Қызықтарға жетеміз. Бип, бип, пыш. Гук-пыш, гук-пыш — паравоз, Мықты болсаң, басып оз. Қызық болды, кеп қалдық, Енді жайлап тоқтаймыз: Бип, бух, пыш.
Балалардың сөз тіркестерін дұрыс айтуын қадағалаңыз.
Қорытынды
Бұл драматизациялық ойындар балалардың тыңдау дағдысын, дыбысты анық айтуын және еліктеу арқылы тілдік белсенділігін жүйелі түрде дамытады.