Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Пәні мен тақырыбы
Пән
Қазақ тілі практикумы
Сабақ тақырыбы
- Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері
- Шартты бағыныңқылы сабақтас
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру.
- Деңгейлік тапсырмалар мен сызба-кестелер арқылы меңгерту.
- Сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
- Сөйлеу мәдениетін, ой-өрісті және шапшаңдықты арттыру.
- Өз бетінше жұмысқа, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденіске баулу.
- Адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсінікті кеңейту.
- Түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Ұйымдастыру және ресурстар
Көрнекіліктер
- Интербелсенді тақта
- Стикерлер, түрлі суреттер, плакаттар, қорапшалар
- «Көшпенділер» көркем фильмінен үзінді
- Түрлі түсті қағаздар
Әдістер мен формат
- Компьютерлік, модульдік және сын тұрғысынан ойлау технологиялары
- Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ізденіс
- Жеке, жұптық және топтық жұмыс
Сабақ типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі
Топтық жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих және жаңа педагогикалық технологиялар.
Күтілетін нәтиже
Нәтижелер
- Топтық жұмыстар арқылы студенттердің өзара қарым-қатынасы нығаяды.
- Әр студент өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік алады.
Негізгі идея
Тақырып бойынша әркелкі тапсырмалар студенттердің сыни ойлау дағдысын қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Сабақтың эпиграфы
«Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар, тамаша кәсіпқойлар және шынайы патриоттар тұрғысынан көремін.»
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1. Сәлемдесу.
- 2. Оқушыларды түгендеу.
- 3. Сабаққа дайындығын тексеру.
- 4. Топ ережесін еске түсіру.
- 5. Сабақтың тақырыбын ашу.
- 6. Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату.
II. «Брейн-ринг» оқыта-үйрету ойыны
Білімгерлерге нөмірленген жетондар таратылады. Сілтеме бойынша әр үстелге алты адамнан топтасып отырады. Әр топқа үш деңгейлі тапсырмалар жазылған қима қағаздар ұсынылады.
- 1-деңгей сұрақтарына дайындықсыз жауап беріледі.
- 2-деңгейге 2–3 минут, 3-деңгейге 7–10 минут уақыт беріледі.
- Жүргізуші 1–6 сандары жазылған қима қағаздарды тастағанда, түскен санға сәйкес жетоны бар білімгер жауап береді.
- Жауаптар ұпаймен бағаланып отырады.
I деңгей (жеке жұмыс) — 1-нұсқа
- 1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
- 2.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді? Түрлерін атаңыз.
- 3.Ыңғайлас салалас сөйлем дегеніміз не? Қандай жалғаулық шылаулар арқылы жасалады?
- 4.Түсіндірмелі салалас сөйлем дегеніміз не? Түсіндірмелі салаластың өзге атауын атаңыз.
- 5.Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын түсіндіріңіз.
- 6.Кезектес салалас дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
I деңгей (жеке жұмыс) — 2-нұсқа
- 1.Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? Мағыналық түрлерін атаңыз.
- 2.Себеп–салдар салалас дегеніміз не? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
- 3.Жақсыз сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
- 4.Толымды және толымсыз сөйлемнің айырмашылығын көрсетіңіз.
- 5.Талғаулы салалас сөйлем дегеніміз не? Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
- 6.Қарсылықты салалас дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
II деңгей (жұптық жұмыс)
Төмендегі жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемге айналдырып, қай түрі екенін анықтаңыз.
- 1.Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден озғанына біраз уақыт өтті…
- 2.Құнанбай Ұлжанның қасына отырды…
- 3.Қорыққаны сонша — …
- 1.Ұмытып қалғандарыңды еш уақытта да кітаптан іздеме…
- 2.Бабамнан қалған асыл бар: ол…
- 3.Күн де батты…
- 1.Өзен біресе төмен ағып жатқандай, …
- 2.Не ғылым жоқ, …
- 3.Аспанды қалың бұлт басып еді, дегенмен …
- 1.Оның қорыққаны сондай …
- 2.Оларға рақмет айту керек…
- 3.1997 жылы Н. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» бағдарламасы жарияланды…
- 1.Ербол Тоғжанды апарып тастады да…
- 2.Менің ең алдымен айтарым — …
- 3.Кейде қабағы түйіледі…
- 1.Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар…
- 2.Қыстың аяғы созылатын түрі бар…
- 3.Қазақ мақалы бар: …
III деңгей (топтық жұмыс)
Жазылым
«І. Есенберлин — 100 жаста!» тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазыңыз.
Жазылым
«Мұқағалиға — 85 жыл!» тақырыбында салалас құрмалас сөйлемдерді қатыстырып мәтін жазыңыз.
Талдау — табыс кілті
Суретке қарап құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік сатылай талдау жасаңыз.
Ескерту: Талдауда байланысу тәсілі, жалғаулық/шылау, мағыналық қатынас және әр жай сөйлемнің грамматикалық негізі көрсетілсін.
Жаңа тақырып: сабақтас құрмалас сөйлем
Анықтама
Құрамындағы жай сөйлемнің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екінші жай сөйлемге бағына байланысатын құрмалас сөйлем түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Мысал
Оқуға зерек бала орыс тілін тез үйреніп, білім жағынан құрбыларын басып озады.
Қарастырылатын түрлері
- Шартты бағыныңқылы сабақтас
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
- Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Сабақ туралы мәлімет
- Оқытушы
- Содикова Чинаргүл Жорабайқызы
- Сабақ бағыты
- Практикалық бекіту және талдау
- Жұмыс форматы
- Жеке, жұптық, топтық