Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету, сөздерді өзара байланыстыра білу

Сабақтың тақырыбы

Зат есім

Сабақтың мақсаты

1

Оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету, сөздерді өзара байланыстыра білу. Ауызекі сөйлеу тілін жаттықтырып, өз ойларын толық әрі түсінікті жеткізуге дағдыландыру.

2

Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Көркем әрі сауатты жазуға қалыптастыру.

3

Оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу. Достықты бағалай білуге және қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап
  • СКТТ
  • Түсіндіру
  • Ойын элементтері

Сабақ форматы

Сабақ түрі
Аралас
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, дене шынықтыру, ана тілі

I. Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе өлең

Біз Отанның ұланымыз,

Бақытты елдің құшағында

Білім алу — ұранымыз.

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Мотивациялық бөлім

2014 жыл қазақ елі үшін үлкен жетістіктерге толы болды. Қазақ спортшыларының еңбегінің арқасында көк туымыз әлемге желбіреді. Сочи Олимпиадасында спортшыларымыз жүлделі орындарға ие болды.

Сұрақ:

Қазақстан жалпы есепте нешінші орынға ие болды? Есімізде ме?

Бүгін спортшыларымыз бізге тапсырмалар жіберіпті. Біз сол тапсырмаларды бірге орындаймыз.

Бағалау жүйесі

Спортшылар сияқты, бүгінгі жұмысыңыз медаль арқылы бағаланады:

Алтын медаль

Өте жақсы

Күміс медаль

Жақсы

Қола медаль

Орташа

Тобымыз үшін барынша алтын жинауға тырысайық. Дегенмен, қола медальдың өзі — еңбектің нәтижесі. Келесіде алтын алуға ұмтыламыз.

Топтар

Бүгін 3 топ өз білімдерін сынайды:

1-топ

Ғылым

2-топ

Білім

3-топ

Талап