Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен қазақ батырлары

Сабақ №26 — Қазақстан тарихы (5-сынып)

Тақырыбы: § 25. Қазақстан 1941–1945 жылдары — Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияның фашистік әскери жоспары және Ұлы Отан соғысының басталуы.

Жоспары

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы (5-сынып)
  • Авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
  • Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

  1. 1 Ұлы Отан соғысының басталуы және КСРО-ға қарсы Германияның фашистік әскери жоспары туралы мәлімет беру.
  2. 2 «Ерлік», «батырлық» ұғымдарының мәнін түсіндіру.
  3. 3 Өзгенің пікірін сыйлауға және құрметпен тыңдауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Ленинград пен Мәскеу үшін болған шайқастар туралы біледі.
  • «Ерлік», «батырлық» ұғымдарының мәнін түсінеді.
  • Өзгенің пікірін ескеріп, санаса алады.

Негізгі идеялар

Соғыстың алғашқы кезеңі

Соғыстың алғашқы кезеңінде кеңес әскері кейін шегініп, Украина, Беларусь және Ресейдің еуропалық бөлігінің Мәскеуге дейінгі аумағының басым бөлігі жау қолында қалды.

Ленинград қорғанысы

Ұлы Отан соғысы тарихында қаһарман қала Ленинградты қорғау және азат ету жолында кеңес халқы ерекше табандылық пен ерен ерлік көрсетті.

Қазақ батырлары

Соғыс жылдарында асқан ерлік көрсеткен қазақ батырларының үлгісі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды негізі болды.

Тапсырмалар

1

Топтық жұмыс

Тұжырымдамалық карта құрастыру.

2

Жұптық жұмыс

«Домино» әдісі арқылы тапсырма орындау.

3

Жеке жұмыс

Кестені толтыру.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

(Мұғалім және оқушы әрекеті)

I. Ұйымдастыру

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару (2 минут).
  • Топқа бөлу: Мәскеу, Украина, Ленинград қалаларының тулары бейнеленген суреттер арқылы 3 топқа бөлу (2 минут).

II. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. 1 Фашизм мен агрессия туралы білу не үшін қажет?
  2. 2 Фашизм және агрессиялық тәртіп қаншалықты қажет деп ойлайсыз?
  3. 3 Бұл соғыс неге «Ұлы Отан соғысы» деп аталды?
  4. 4 Қазақстан еңбекшілері өз еліне деген парызын қалай өтеді? Мысал келтіріңіз.

III. Миға шабуыл (3 минут)

Видеофильм/бейнероликті мұқият қарап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1 Кім туралы айтылды және не туралы көрсетілді?
  2. 2 Негізгі мәні мен айтар ойы қандай?

IV. Топтық жұмыс (15 минут)

Әр топта 5 рөл анықталады: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы.

Жұмыс форматы

Сабақ мазмұнын «топтастыру» стратегиясы арқылы ашу үшін тірек сызбаларымен жұмыс жасалады.

Тақырып өзегі

Қазақстан (1941–1945): соғыс жылдарындағы Германияның фашистік әскери жоспары және Ұлы Отан соғысының басталуы.

Ескерту

Қажетті материалдарды (тірек сызбалары, кестелер, домино карточкалары, бейнематериал) сабаққа дейін дайындап, сынып жұмысының ырғағын уақытпен нақты үйлестіріңіз.