Жігіт қадірі өнерімен өлшенер

Қанатты сөздер: Мұхтар Әуезов

Төмендегі нақылдар — адам мінезі, еңбек, білім, ар, тәртіп және тіл тағдыры туралы ойды тереңдететін, өмірлік өлшемге айналатын тұжырымдар.

Ниет, күш, тәртіп

  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

  • Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: әуелі — ниет, одан соң — күш, одан соң — тәртіп.

  • Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.

  • Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

Ерлік, елдік, қайсарлық

  • Азамат сыны — ерлік, ерлік сыны — елдік.

  • Жауға — жалынба, досқа — тарылма.

  • Өнерпаз болсаң, өр бол.

  • Іздесең — табарсың, алыссаң — аларсың.

Адам табиғаты мен мінез

  • Адам көркі — ақыл.

  • Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

  • Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана — шын мәнінде қымбат табыс.

  • Адам ірілігі бір ғана сипат емес, ішкі-сыртқы сан алуан қасиеттен құралады.

  • Адам баласының жасанды құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен.

  • Тумай жатып «толдым» деме, толмай жатып «болдым» деме.

  • Қызғаныш — құрт ауруы, мыс қазанда қайнайтын азап оты.

  • Ой да көп, уайым да көп — ойлай берсең; ой да жоқ, уайым да жоқ — ойнай берсең.

Өнер, білім, ой

  • Жігіт қадірі өнерімен өлшенеді.

  • Білім — бақтың жібермейтін қазығы; білімсіз бақ — әлдекімнің азығы.

  • Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім.

  • Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

  • Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтеректей тұл болып қалады.

  • Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Ар, әділет, сын

Жалған намыс — қасиет емес; ар сақтаған — қасиет.

Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза.

Әділет тілесең — атаңның болса да айыбын айт.

Сын — шын болсын; шын сын болсын.

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.

Бас асауға — жез ноқта.

Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам — менің жүз ғайыбымды кісіге айтады.

Амал: кіжіну бар, килігу жоқ.

Қоғам мен тіршілік туралы ишара

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін жайдақ су болған жақсы.

Тамыр болсаң — айтыс жоқ; қолдан берсең — қайтыс жоқ.

Аузымен айды алып, қолымен қосаяқты соға алмайтын жандар бар.

Көбікті толқын санама.

Өлмейтін сөз, өлмейтін мұра

«Көгенкөз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып: “Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!” — десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады. Дүниеде өлмейтін — сөз ғана. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық

Ұлт тілі — ұлт жаны

Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер қан тамыры бітеліп қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?