Айдананың орындауында Бақыт биі
Қош келдіңіздер!
Армысыздар, ардақты ата-аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгін «Балауса» балабақшасының «Балғын бишілер» сайысына қош келдіңіздер.
Сайысымызды ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі Ұ. Әшірбековаға беріледі.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп, өнерлерін көрсетеді.
Қазылар алқасы
-
Қазы
Алтынай апай
-
Қазы
Ақынсара апай
-
Қазы
Гүлмира апай
Сайыс шарттары
- Сайыс 2 бөлімнен тұрады: қатысушы бірінші қазақ биін, екінші еркін биін билейді.
- Бағалау кезінде қатысушының биге икемі, киімі, сахнаны меңгеруі ескеріледі.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңізден мейірімді нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған —
Біз, бақытты балғын шақтың балалары!
Өнер көрсететін бүлдіршіндер
Жанель
Би билейді талмайды, әсем ән де шырқайды. Сүп-сүйкімді Жанельді барлық бала тыңдайды.
Айдана
Әдептілікті сақтайды, шындықты әркез жақтайды. Айдананы апайлар тәртіпті деп мақтайды.
Мерей
Үлкенге сәлем береді, кішіге қамқор жүрегі. Алмасқызы Мерейдің кезегі енді келді.
Дильназ
Бүгінгі би жарысқа шықты Дильназ қызымыз. Өнерде де, өмірде де жолымыз ашық болсын!
Балжан
«Алау болып жанамын, жеңісті өзім аламын», — деп келіпті Балжан қыз. Қуана қарсы алайық!
Балауса
Ой-арманын тербейді, ақылды болып өседі. Бүгінгі сайыста өнердің сырын ашады.
Жансая
«Ал мен ақын боламын, сусылдаған қаламым», — дейді біздің Жансая. Талабы таудан асқан!
Кезекті — ересектер тобы
Нұрила
«Мен де биші боламын, жұлдыз болып жанамын», — деп жүр біздің Нұрила. Шұғыладай болсын!
Меруерт
Ертеңгі күнін ойлайтын, биіктерге самғайтын, меруерттей әсем қызымыз — өнерден құр қалмайтын.
Нұрсәуле
Өзі алғыр, жан-жақты, сымбатты қызымыз — Нұрсәуле. Әрқашан өзін салмақты ұстайды.
Қорытынды лебіз
Өнерменен көрсетейік біздер құрмет,
Әділқазы сіздерге де көп-көп рақмет!
Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата-анаға жүрген демеп!
«Балғын бишілер» сайысына қатысқан барлық бүлдіршіндерге алғыс айтамыз. Өнер биігіне самғаған қанаттарыңыз талмасын! Осымен сайысымыз аяқталды.