Жалпы бізге Оттек ұғымы өте таныс

8-сынып химия: оксидтердің жіктелуі, аталуы және алыну жолдары

Бұл сабақта оқушылар оксидтердің құрамы мен қасиеттерін түсінеді, оксидтердің бір-бірінен айырмашылығын ажыратады және олардың қолданылуымен танысады. Сонымен қатар оксидтерді жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеулерін құрып, теңестіруге дағдыланады.

Сабақ туралы

Тақырып
Оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары
Сабақтың типі
Аралас
Сабақтың түрі
Ізденіс

Әдістер мен жұмыс формалары

  • Деңгейлік тапсырмалар
  • Тірек-сызбамен жұмыс
  • Сұрақ–жауап
  • Жеке, топтық және ұжымдық жұмыс

Көрнекі құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Бор
  • Оқулық және жұмыс дәптері
  • Деңгейлік тапсырмалар мен тірек-сызбалар

Сабақ жоспары

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

II. Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

III. Жаңа сабақты түсіндіру

21 минут

IV. Бекіту

10 минут

V. Бағалау

2 минут

VI. Үй тапсырмасы

1 минут

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг

Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына.
Жеткізеді біздерді
Химияның сырына.

Топқа бөлу: элементтердің атауы/таңбасы жазылған парақшалар арқылы топтарға бөлінеді.

II. Үй тапсырмасы

Қайталау тақырыптары: сілтілік металдар және галогендер.

«Сиқырлы гүл» ойыны

Элементтерді берілген топтарға бөліп жазыңдар: металдар, бейметалдар, галогендер.

Металдар

Na, Mg, Ba, Li, Cu

Бейметалдар

C, S, N, O, Cr, P

Галогендер

F, Cl, Br, I, At

«Химиялық саты» тапсырмасы

«Химиялық сатымен» көтерілгендей, берілген валенттіліктерді пайдаланып оксидтердің формуласын құрыңдар және атаңдар.

Элемент (валенттілік) Формула Аталуы
S (VI) SO₃ күкірт (VI) оксиді
P (V) P₂O₅ фосфор (V) оксиді
Al (III) Al₂O₃ алюминий (III) оксиді
Cu (II) CuO мыс (II) оксиді
N (IV) NO₂ азот (IV) оксиді
K (I) K₂O калий (I) оксиді

Жаңа сабақ: оксид ұғымы және негізгі түсініктер

Өткен тақырыптарды еске түсіргеннен кейін жаңа сабаққа көшеміз. Оттек ұғымы бізге жақсы таныс. Ендеше оттекке қысқаша сипаттама берейік.

Анықтама

Құрамында екі элемент болатын және олардың біреуі міндетті түрде оттек болып келетін күрделі заттарды оксидтер деп атайды.

Негіздік оксидтер

Көбіне метал оксидтері. Кейбірі сумен әрекеттесіп негіз түзеді, қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді.

Екідайлы (амфотерлі) оксидтер

Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесе алады. Олардың химиялық мінезі ортаға тәуелді.

Қышқылдық оксидтер

Көбіне бейметал оксидтері. Сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді, негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді.

Оксидтердің жіктелуі (қосымша белгі)

Оксидтерді сондай-ақ тұз түзетін және тұз түзбейтін оксидтер ретінде де қарастыруға болады.

Тұз түзбейтін оксидтер

NO, CO

Тұз түзетін оксидтер

CaO, CuO

Оксидтердің алынуы

Оксидтерді алудың бірнеше жолы бар: жай және күрделі заттар жанғанда, валенттілігі төмен оксидтерді тотықтырғанда, ерімейтін негіздерді немесе оттекті қышқылдардың тұздарын қыздырғанда және басқа да тәсілдер арқылы алынады.

1) Жай заттардың оттекпен тікелей әрекеттесуі

Бұл — оксид алудың ең кең тараған тәсілдерінің бірі: элемент оттекпен әрекеттесіп, сәйкес оксид түзеді.

Мәтіннің толық нұсқасы көрсетілмеген (жүктеу туралы белгі бар).