Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы

Сабақтың тақырыбы

«ХХІ ғасырдың жас математигі» атты сайыс-сабақ.

Мақсаты

  • Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру және алған білімдерін қорытындылау.
  • Танымдық қабілетін, белсенділігін, зейінін және ойлау дағдыларын дамыту.
  • Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу; тәлім-тәрбиелік мәнін күшейту.

Неге сыныптан тыс жұмыс маңызды?

Математикаға қызығушылықты арттыруда сыныптан тыс іс-шаралардың пайдасы зор. Түрлі математикалық кештер мен сайыстар оқушылардың есінде ұзақ сақталып, ойлау қабілетін дамытады және тақырыптан тыс қосымша мәліметтермен толықтырады.

Төменде оқушылар арасында өткен осындай сайыстардың бірінің үлгі жоспары ұсынылады.

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Бүгін біздің мектепте математика пәнінің алғырлары өз білімдерімен күш сынасады.

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қане, кім шығады сайысуға?

Әділқазылар алқасы

Құрметті әділқазылар, қош келдіңіздер! Оқушылар сіздерге үміт артады. Сайыстың бағасын әділ әрі нақ берулеріңізді сұраймыз.

(Әділқазылар құрамын таныстыру бөлімі жүргізуші тарапынан орындалады.)

Сайыс бағдарламасы

I тур
Бәйге
II тур
Тіл өнер
III тур
Жеті керемет
IV тур
Көкпар
V тур
Жорға

Жалпы ереже

Сайыс кезең-кезеңімен өтеді. Кей турларда ең аз ұпай жинаған қатысушылар сайыстан шығып отырады. Ұпайлар әр тапсырманың шартына сәйкес есептеледі.

I тур — Бәйге

Шарты

Қатысушыларға қысқа сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Гипотенузаның квадраты катеттер квадраттарының қосындысына тең. Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр?

    Жауабы: тікбұрышты үшбұрыш.

  2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар?

    Жауабы: 0.

  3. «Бастамалар» атты еңбегі бар ғалым?

    Жауабы: Евклид.

  4. «Функция» термині алғаш рет кімнің қолжазбасында кездеседі?

    Жауабы: неміс математигі әрі философы Г. Лейбниц.

  5. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды?

    Жауабы: бүтін сандар және оң/теріс бөлшектер.

  6. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең?

    Жауабы: π.

  7. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады?

    Жауабы: шектеусіз, периодсыз ондық бөлшек түрінде жазылатын сандар.

  8. «Дискриминант» сөзі қай тілден шыққан?

    Жауабы: латын тілінен («ажырату», «анықтау»).

  9. 5 түйме 20 теңге тұрады. Осындай 7 түйме үшін қанша төлейсің?

    Жауабы: 28 теңге.

  10. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем қалай аталады?

    Жауабы: теорема.

  11. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады?

    Жауабы: ромб.

  12. sin 45° мәні нешеге тең?

    Жауабы: √2/2.

Тур соңында жүргізуші сайыскерлердің осы кезең бойынша жинаған ұпайларын жариялайды.

II тур — Тіл өнер

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Шарты

Қатысушыларға жұмбақтар айтылады. Жауабын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазып көрсету керек.

  • 3 тіл — 30 ұпай
  • 2 тіл — 20 ұпай
  • 1 тіл — 10 ұпай
  • Аударма жоқ — 0 ұпай
  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.

    Жауабы: сызғыш — линейка — ruler.

  2. Алды-артымыз шексіз де, жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, шыққан тегін білсе де.

    Жауабы: түзу — прямая — straight line.

  3. Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұрады. Егер оны ықшамдасаң, қандай атау болады?

    Жауабы: дәреже — степень — power.

  4. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса, аттама.

    Жауабы: кітап — книга — book.

  5. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Екі аяғымен тұрса, қанша кг?

    Жауабы: он екі — двенадцать — twelve.

  6. Жұт... ағайынды.

    Жауабы: Жұт жеті ағайынды — Жеті — семь — seven.

  7. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.

    Жауабы: қалам — ручка — pen.

  8. Геометрияның негізгі ұғымы.

    Жауабы: нүкте — точка — point.

  9. Тік бұрыштан кіші бұрыш.

    Жауабы: сүйір — острый — acute.

  10. Екі қолға ... күрек.

    Жауабы: бір — один — one.

  11. Жігітке жеті өнер де аз, неше өнер көп емес?

    Жауабы: жетпіс — семьдесят — seventy.

  12. Бір нүктемен шектелген түзудің бөлігі.

    Жауабы: сәуле — луч — ray.

  13. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралған геометриялық фигура.

    Жауабы: бұрыш — угол — angle.

  14. Отыз тістен шыққан сөз неше рулы елге жайылады?

    Жауабы: отыз — тридцать — thirty.

II тур аяқталған соң ұпайлар жарияланады. Ең аз ұпай жинаған екі қатысушы сайыстан шығады.

III тур — Жеті керемет

Шарты

Қатысушылар ілінген кестеден ұпайына сәйкес сұрақты таңдайды. Бірінші болып ең көп ұпай жинаған оқушы таңдайды.

20 ұпай

  1. Квадраттың қабырғасы 9 см. Периметрі неше см? (Жауабы: 36 см)
  2. Трапеция табандары 10 см және 8 см. Орта сызығы неге тең? (Жауабы: 9 см)
  3. Қабырғалары 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? (Жауабы: 48 см²)

30 ұпай

  1. «П» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз ата: пирамида, планиметрия, параллель, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр.
  2. «С» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз ата: синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусоида.
  3. «К» әрпінен басталатын 7 математикалық сөз ата: көбейту, куб, конус, косинус, километр, кесінді, көлем.

40 ұпай

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика». Бұл кімнің сөзі? (Жауабы: М. В. Ломоносов)
  2. «Математика — ғылымдардың патшасы, ал арифметика — математика патшасы». Автор кім? (Жауабы: К. Гаусс)
  3. «Ақын жанды болмасаңыз, математик те бола алмайсыз». Автор кім? (Жауабы: С. В. Ковалевская)

Үш турдың қорытындысы бойынша ұпайы ең аз болған екі сайыскер үшін ойын аяқталады.

IV тур — Көкпар

Шарты

Бұл кезеңде 4 тақырып беріледі. Әр қатысушы ұсынылған ұпайлар бойынша бір тақырыпты таңдайды.

Логикалық есептер

  1. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (Жауабы: бірдей)
  2. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылса, 4-тен артық, 5-тен кем сан шығады? (Жауабы: үтір)
  3. Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (Жауабы: бес)

Ғалымдар

  1. «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын» деген кім? (Жауабы: Платон)
  2. Геометрияда жаңалық ашқаны үшін Зевске жүз өгіз сойып құрбандық шалған кім? (Жауабы: Пифагор)
  3. «Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы; оның ойлары пайдалы да, қажет те» деген кім? (Жауабы: Р. Бэкон)

Графиктер

  1. y = ax + b функциясының графигі қандай? (Жауабы: түзу)
  2. x² + y² = R теңдеуінің графигі қандай? (Жауабы: шеңбер)
  3. y = k/x функциясының графигі қандай? (Жауабы: гипербола)

Формулалар

  1. V = abc — қандай дененің көлемі? (Жауабы: тікбұрышты параллелепипед)
  2. S = a² — қандай формула? (Жауабы: квадраттың ауданы)
  3. ax² + bx + c = 0 — қандай теңдеу? (Жауабы: квадрат теңдеу)

IV тур соңында ойынды тек екі оқушы жалғастырады.

V тур — Жорға

Шарты

Әр оқушыға 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сұрақ қойылады. Дұрыс жауаптардың саны — сол кезеңдегі ұпай.

1-оқушыға қойылатын сұрақтар

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш. (теңбүйірлі үшбұрыш)
  2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
  3. Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш. (параллелограмм)
  4. Берілген бұрышқа қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (синус)
  5. Барлық қырлары тең тікбұрышты параллелепипед. (куб)
  6. Бағытталған кесінді. (вектор)
  7. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
  8. Санның жүзден бір бөлігі. (пайыз)
  9. Төрт таңбалы математикалық кестенің (логарифмдік/тригонометриялық) авторы. (Брадис)
  10. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
  11. Үшбұрыштың орта сызығы 12 см. Табаны неше см? (24 см)
  12. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы. (180°)
  13. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. (кесінді)
  14. Дөңгелектің радиусы 5 см. Диаметрі неше см? (10 см)

2-оқушыға қойылатын сұрақтар

  1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш. (дұрыс үшбұрыш)
  2. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу. (перпендикуляр)
  3. Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм. (тіктөртбұрыш)
  4. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (косинус)
  5. Барлық қырлары тең үшбұрышты пирамида. (тетраэдр)
  6. Вектор дегеніміз не? (бағытталған кесінді)
  7. Планиметрия нені зерттейді? (жазықтықтағы фигураларды)
  8. Пайыз дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)
  9. Координаталар жүйесін алғаш қолданған француз ғалымы. (Р. Декарт)
  10. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді. (хорда)
  11. Үшбұрыштың табаны 24 см. Орта сызығы неше см? (12 см)
  12. Теңқабырғалы үшбұрыштың әр бұрышы неше градус? (60°)
  13. Бір нүктеден шыққан түзу бөлігі. (сәуле)
  14. Дөңгелектің диаметрі 10 см. Радиусы неше см? (5 см)

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Шын жүйрікті анықтар кез келді.

Қазылар алқасына сөз беріледі.

Бекіту және қорытынды

Бекіту

Бүгінгі сайыста қатысушылар арасынан жеңімпаздар анықталады, жеңген оқушылар марапатталады.

Қорытынды

Сабақ қорытындыланып, әр оқушының нәтижесі шығарылады. Барлық қатысушыларға алғыс айтылып, бағалары қойылады.