Саяси лирика

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол…» өлеңі.

Білімділік мақсаты

Абай ұлылығын терең сезіндіру; оқушыларға Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдерінің тақырыптық және көркемдік ерекшелігін меңгерту; жатқа айту мен өлеңді талдау машығын жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету; ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Эстетикалық талғамды қалыптастыру; поэзияға, саз өнеріне, бейнелеу өнеріне сүйіспеншілікті арттыру.

Сабақтың ерекшеліктері

Сабақ түрі
Жаңа бағдарлама бойынша топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Ән-күй, бейнелеу өнері.
Құрал-жабдықтар
Стикерлер, А3 қағазы, смайликтер, интербелсенді тақта, слайдтар, буклет, кітаптар көрмесі.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Қызығушылықты ояту.
  • Ережемен таныстыру.
  • Оқушыларды ғашықтар есімімен топқа бөлу.

1-топ

Еңлік — Кебек

2-топ

Қыз Жібек — Төлеген

Абай шығармаларында отбасын құру, жар таңдау, әйел теңдігі, адал махаббат мәселелері айрықша орын алады. «Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол» — таза махаббат сезімін қастерлеген өлең. Ал «Мен сәлем жазамын» — ғашық жанның сағынышын тербеткен мұңды лирика. «Қор болды жаным» өлеңінде де сағыныш пен зар бар, бірақ мұнда қайғы мен үміт қатар өріледі.

Негізгі ойды айқындау

«Ғашықтық» пен «құмарлық» — бір-біріне ұқсас көрінгенімен, мазмұндық тұрғыдан екі бөлек жол. Осы сабақта оқушылар сезімнің тереңдігі мен адамгершілік өлшемін Абай поэзиясы арқылы талдайды.

2) Үй тапсырмасын сұрау

Күн бетінен бұлтты сейілту

Лирика дегеніміз не?

Лирика — адамның көңіл күйін, қуаныш пен реніш секілді ішкі сезімін білдіретін поэзия.

Лирика түрлері

  1. 1) Табиғат лирикасы
  2. 2) Махаббат лирикасы
  3. 3) Философиялық лирика
  4. 4) Саяси лирика
  5. 5) Көңіл күй лирикасы

Бүгінгі тақырып қай түрге жатады?

Бүгінгі сабақ тақырыбы — махаббат лирикасы.

Дәптермен жұмыс

Абайдың махаббат лирикасына жататын өлеңдері тақырыбы жағынан да, көркемдік сипат-өзгешелігі жағынан да алуан түрлі.

«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол»

Ақын адал сезімді, кең пейілді махаббатты биік қояды:

«Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол…»

Мұнда мейірім мен кешірім сарыны басым.

«Сен мені не етесің?»

Бұл өлеңде уәдеге беріктік, сертке адалдық мәселесі қатаң қойылады:

«Серт бұзғаның, біл, орны — шоқ…»

Лирикалық кейіпкер сүйгені өзгені таңдап кетсе, оның салдары ауыр боларын қимастықпен ескертеді.

Өлең құрылысына назар

«Сен мені не етесің?» өлеңіндегі әр шумақ ұзынды-қысқалы он төрт тармақтан құралады. Бұл өлшемді Абай өзге өлеңдерінде көп қолданбайды. Ал көпшілікке айтуға лайықталған өлеңдерін ақын жиі тараған жеті-сегіз және алты буынды өлшемдермен жазған.

3) «Суреттерді сөйлетейік» тапсырмасы

Өлең жолдарындағы сөздерге сәйкес суреттерді орналастыру. Жұмыс түрі: «Миға шабуыл».

Музыкалық байланыс

Абайдың әсем әндері мен аудармалары өз әуендерімен халыққа кең тараған. «Ғашықтық, махаббат» тақырыбындағы қандай әндерін білесіңдер?

  • «Көзімнің қарасы»
  • «Қор болды жаным»
  • «Айттым сәлем, Қаламқас»
  • «Татьянаның хаты»

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» сұрағына оқушылар смайликтер арқылы пікір білдіреді.

Үйге тапсырма

«Ғашықтың тілі — тілсіз тіл…» тақырыбында ойтолғау жазу.

Рухани құндылық: сабақты қорыту

Жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянатты танығыңыз келсе — Абайды оқыңыз.

Өмір мен өлім, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе — Абайды оқыңыз.

Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясын ұғынғыңыз келсе — Абайды оқыңыз.

Адамгершілік пен арлылық, махаббат пен зұлымдық туралы терең толғанғыңыз келсе — Абайды оқыңыз.

Дайындаған: Тілепиева Ж.