Әбілхайыр хандығы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық-технологиялық колледжінің тарих-география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали.
Сабақтың тақырыбы
Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл
Сабақтың түрі
Интеллектуалдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, география, бейнелеу өнері
Жалпы мақсат
Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы білімін тереңдету. Тарихи-танымдық қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге баулу және тіл байлығын жетілдіру.
Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Қазақ елінің тарихын терең білу және тарихи тұлғаларды үлгі тұту.
- Қазақстанның дамуына өз үлесін қосуға ұмтылу.
- Алған білімді өмірде қолдана білу.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақтадағы слайдтар
- Оқулық
- Үлестірмелік қима қағаздар
- Суреттер, карта
Нақыл сөз
“Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды”.
Н. Ә. Назарбаев
Сайысты өткізуге арналған қысқа нұсқаулық
1) Ұйымдастыру
Оқушыларды екі топқа бөліп, әр сұраққа жауап беру уақытын және бағалау өлшемдерін алдын ала келісіңіз.
2) Жұмыс форматы
Сұрақ-жауап кезеңдерін қысқа түсіндірмелермен толықтырып, картамен және слайдтармен дәлелдеуге мүмкіндік беріңіз.
3) Қорытынды
Негізгі даталар мен тұлғаларды қайталап, Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын бір сөйлеммен түйіндетіңіз.