Бытыранықтар дүниесі
Сабақтың тақырыбы: Бытыранықтар дүниесі (6-сынып)
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Бытыранықтарға (бактерияларға) сипаттама беру және олардың түрлерімен таныстыру.
-
Дамытушылық
Оқытудың жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушы белсенділігін арттыру, білім-біліктілігін дамыту, өз бетімен іздену дағдысын қалыптастыру және ойлау қабілетін жетілдіру.
-
Тәрбиелік
Гигиеналық талаптарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
- СТО технологиясы
- Сатылай кешенді талдау
- Ойын элементтері
Пәнаралық байланыс
Биология, география, химия.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.
-
II. Жаңа сабақ
Тақырыпты схемалар мен талдау арқылы меңгерту.
Жаңа сабақ: негізгі мазмұн
1-схема: Ой қозғау
Бытыранықтар тіршілік ететін орта өте кең. Олар адам, жануарлар мен өсімдіктерде, сондай-ақ атмосферада, гидросферада және литосферада кездеседі.
2-схема: Бытыранықтарға сипаттама
Өлшемі
Жасушалары өте ұсақ: шамамен 0,1–10 мкм.
Пішіндерінің алуандығы
- Коккалар — шар тәрізді
- Бациллалар — таяқша тәрізді
- Вибриондар — үтір тәрізді
- Тороидтар — таға тәрізді
- «Жұлдызшалар» — жұлдыз тәрізді
- Спириллалар — ирек тәрізді
Құрылысының ерекшелігі
- Прокариоттарға жатады: ядросы болмайды.
- ДНҚ молекуласы сақина тәрізді тұйық күйде болады.
Қабықша және органоидтар
- Жасуша қабықшасы қалың әрі көп қабатты; құрамы: нәруыз муреин және полисахаридтер.
- Митохондрия мен хлоропласт болмайды; олардың қызметін цитоплазмалық мембрана атқарады.
- Рибосомалары болмайды.
Қор затының жиналуы
Жасушада қор заты ретінде полисахаридтер, майлар, күкірт және полифосфаттар жиналуы мүмкін.
3-схема: Бытыранықтылардың қоректену тәсілдері
Гетеротрофтар
- Дайын органикалық заттарды пайдаланады.
- Сапрофиттер — өлі органикалық заттармен қоректенеді.
- Паразиттер — тірі организмдердің органикалық заттарымен қоректенеді.
Автотрофтар
- Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейді.
- Хемоавтотрофтар — темір және күкірт бактериялары.
- Фотоавтотрофтар — жасыл, қоңыр, қызыл, күкірт бактериялары.
4-схема: Бактериялардың оттегіне байланысты бөлінуі
Аэробты бактериялар
Жасыл өсімдіктер мен жануарлар сияқты тыныс алғанда атмосферадағы оттегін пайдаланады.
Анаэробты бактериялар
Оттегісіз ортада тіршілік етеді.
Факультативті бактериялар
Оттегі бар да, оттегі жоқ ортада да өмір сүре алады.