Қыз және күлшеБайыбына бармай жатып өзгені айыптау жөнінде қысқа әңгіме
Қыз және күлше
Байыбына бармай жатып өзгені айыптаудың қаншалықты оңай, ал кейін өкініштің қаншалықты ауыр болатынын еске салатын қысқа әңгіме.
Бір қыз іссапармен жолға шығу үшін әуежайда өз рейсін күтіп отыр екен. Ұшуға әлі ерте болғандықтан, біраз уақыт күтуіне тура келеді.
Уақыт өткізуді ойлап, ол журнал және бір қалта күлше сатып алады. Жанына жақын тұрған үстелдің үстіне күлшелерін қойып, оқуға кіріседі. Ал қарсы жақта, басқа үстелде кітап оқып отырған бір ер адам бар еді.
Қыз бір күлшені алып жей бастайды. Келесі күлшеге қол созған сәтте әлгі жігіт те бір күлшені алып жейді. Қыздың ашуы келсе де, көпшілік орында дау шығармай, журналын оқи береді.
Бірақ жағдай қайталана береді: қыз күлшеден алса, жігіт те алып жейді. Қыздың ызасы ішіне сыймай бара жатса да, сыртқа білдірмейді.
Бір кезде қалтада бір-ақ күлше қалғанын көреді. «Енді не істер екен?» деген оймен бақылап отырады.
Жігіт қыздың ойын сезгендей, соңғы күлшені ортасынан бөліп, көзін кітабынан көтерместен қызға ұсынады. Қыз мұны шектен шыққандық деп қабылдап, ішінен булығып, заттарын жинап кетіп қалады.
Ұшаққа отырып, көзілдірігін алмақ болып сөмкесін ашқанда, ішінен бір қалта күлше шығады. Сол сәтте ғана өзінің сатып алған күлшені сөмкесінен мүлде шығармағанын түсінеді. Яғни жігіт жеген күлшелер — өзінікі емес, жігіттің өз күлшесі екен.
Қыз «сауатсыз» деп іштей сөккен адамның ақкөңіл, кеңпейіл екенін кеш аңғарғанына қатты ұялады. Бірақ қателігін түзеп, кешірім сұрауға мүмкіндігі болмай қалады.
Түйін
Ашуға ерік бермес бұрын, байыбына барайық: кейде біз «кінәлі» деп ойлаған адам — шын мәнінде сабырлы, жомарт және мәдениетті болуы мүмкін.
Дереккөз: elims.org.ua
Дайындаған: Асыл