Мұхтар Әуезовтің туған жері
Әуезов әлемі: рухани кіріспе
1-жүргізуші
Абай — қазақ халқының ұлы ақыны, Шәкәрім — оның бауыры әрі ізбасары, ал Мұхтар — абайтанудың негізін қалаушы. Осы үш алып — қазақ халқының мақтанышы мен абыройы.
2-жүргізуші
Қазақ елін ұзақ жылдар басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев: «Бүгін біз тағы да бір рет терең құрмет пен алғыс сезіммен осы ғажайып эпопеяның авторы Мұхтар Омарханұлы Әуезовті еске алуға тиіспіз. Оның ұлы дарынының арқасында данышпан Абай өмірге қайта келді», — деген болатын.
Музыкалық үзіліс
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.
Арнау жырлары
Самғаған сұңқарлар мен тұлпар ғана,
Саңлағын сағынғанда іңкәр дала.
Шомылып Шыңғыстаудың самалына,
Түледің тал бесіктен, Мұхтар дана.
Ақындар ақын дейді — ағып туған,
Жазушы жалын дейді — жанып тұрған.
Не жазса да өзінің туған елін,
Туған сөзбен әлемге қанық қылған.
Теңейміз Шекспир мен Толстойды —
Әңгіме ғой бұл үлкен арыс жайлы.
Салыстырсаң, сапамыз самғап ұшты,
Еуропа, Азиядан қалыспайды.
Туған сөз — ана тілі, қазақ тілі,
Басылмаған айтқанда сөз аптығы.
Сөз қолдану санынан Шекспирмен,
Толстойдан көп болған — ғажаптығы!
Осында ғаламат — ғарыштық,
Осында жақын әрі алыстық.
Қазақтың шын мәніндегі шың өнерін,
Бір өзі дүниеге таныстырды.
Бай тіл-ау, қазақ тілі бағаласа,
Мұқаңдай ала білсе қалағанша.
Біз білместек Шекспир, Толстоймен,
Бельгер кеп салыстырып санамаса.
Халқын ол қалқалап та, арқалап та,
Таратты ән мен сәнін шартарапқа.
Мінін де, мінезін де жасырмады,
Қазақша: махаббат та, мархабат та.
Неге оған дүние түгел таңданады?
Әлемдік өнер — оның қорғағаны.
Ұлылығы — ұлттық қалпын сақтап,
Біреудің көшірмесі болмағаны.
Жер деп білген алты шар — құрлықта,
Айтпай қалай шыдарсың мұны жұртқа?
Аз халықтың өз орнын көрсетті ол,
Әлемдік өнер атты ұлылықта!
Викториналық сайыс: құрылымы мен ережесі
2-жүргізуші
«Әуезов әлемі» атты викториналық сайысымызды бастаймыз.
Сайыс шарты
- Сайыс 3 кезеңнен тұрады: өмірбаяны мен білімі; шығармашылығы; кейіпкерлер мен үзінділер.
- Ұпай саны: 1-кезең — 10, 2-кезең — 20, 3-кезең — 30.
- Сұрақ алдымен бір топқа беріледі. Дұрыс жауап берсе — ұпай соған жазылады; қате болса — келесі топ жауап береді.
- Екі топ та білмесе, көрермен жауап бере алады. Дұрыс жауап берген көрермен ұпайды қалаған тобына сыйлайды.
- Ең көп ұпай жинаған топ — жеңімпаз.
Таныстыру
Екі топ өздерін таныстырады.
1-кезең (10 ұпай): Өмірбаяны
Туған күні мен туған жері
- Мұхтар Әуезовтің дүниеге келген күні
- 28 қыркүйек
- Мұхтар Әуезовтің туған жері
- Бөрілі
Алғашқы оқу жолы
- 1908 жылы қайда оқыды?
- Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.
- 1910 жылы қайда оқуға түседі?
- Семей қаласындағы бес кластық орыс қазына училищесіне түседі.
Университет пен қызмет
- Ташкент мемлекеттік университетіне өз бетімен тыңдаушы болып қай жылы түседі?
- 1922 жыл
- 1919 жылы қандай қызмет атқарды?
- Семей губерниялық атқару комитетінде ұлттар бөлімінің меңгерушісі, кейін төрағасы болды.
- 1924 жылы еліне оралған соң қайда сабақ берді?
- Қазақ педагогикалық техникумында
Отбасы және тағдырлы кезең
- Мұхтардың анасының есімі
- Нұржамал
- Мұхтар Абайды көрген бе?
- Иә. Алты жасынан бастап атасының үйретуімен Абайдың өлеңдерін жаттап, ұлы ақынның өзіне айтып берген.
- Қай жылы тұтқындалады және қашан босатылады?
- 1930 жылғы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы босатылады.
2-кезең (20 ұпай): Шығармашылығы
«Абай жолы»
- Роман қашан аяқталды?
- 1956 жыл
- Екінші кітабы қай жылы жарық көрді?
- 1947 жыл
- Роман неше тілге аударылды?
- 30 тілге
Драма мен әңгіме
- «Еңлік-Кебек» драмасы қашан жазылды?
- 1917 жылы, семинарияда оқып жүрген кезінде
- Алғашқы көркем әңгімесі қалай аталады және қашан жарияланды?
- «Қорғансыздың күні», 1921 жыл
- «Қарагөз» трагедиясында нені суреттеді?
- Ескі қазақ қоғамындағы жастар тағдырындағы еріксіздікті
Повесть, роман, зерттеу
- «Қараш-Қараш оқиғасы» мен «Қилы заман» повестерінде нені баяндайды?
- Ел өміріндегі күрделі әлеуметтік мәселелерді
- Қырғыз халқының қай шығармасына монография жазды?
- «Манас» жырына
- «Өскен өркен» — қандай жанр?
- Роман
- «Қараш-Қараш оқиғасы» — қандай туынды?
- Повесть
3-кезең (30 ұпай): Кейіпкерлер мен үзінділер
Үзінді 1: Қонақтар кімдер?
«Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Ол — өңшең қыз-келіншек пен бозбала. Жиын қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның ортасында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Солардың ішіндегі ең қадірлісі, сүйіктісі кім?»
Жауабы: «Абай жолы» — Біржан сал
Үзінді 2: Қонақтарды ата
«Шеше әңгімелеріне бар пейілін беріп жүрген күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ кеп қонды: бірі — қартаң, бірі — жас қонақ. Жасын Абай біледі. Таныған жерде қуанып кетті. Ол былтыр жайлауға келіп, осы үйге үш күндей жатып, “Қозы Көрпеш — Баянды” жырлап берген...»
Жауабы: «Абай жолы» — Байкөкше мен Барлас
Үзінді 3: Кейіпкерді тап
«Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне бала шәкірт барын салды... күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған... Қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ.»
Жауабы: «Абай жолы» — Абай
Үзінді 4: Кейіпкерді тап
«Жетімдік тауқыметін тартқан 13 жасар бала өгейлік тепкісінен қашып, әке-шешесінің зиратына келіп қаза табады.»
Жауабы: «Жетім» әңгімесі — Қасым
Қорытынды, марапаттау және тағылым
Сайыс қорытындысы
Сайыстың қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім».
«Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті адам деуге болмайды».
Қоғамдық пікір
«Қай жағынан алсақ та, Мұхтар Әуезов — бақытты адам. Ол — көзінің тірісінде де, дүниеден өткеннен кейін де халқының қалтқысыз сый-құрметіне, сүйіспеншілігіне бөленген; осындай мерекелі күндерде ғана емес, әрдайым жұртының жадында жаңғырып тұратын, тарихтың да, тағдырдың да сынына төтеп берген Ұлы Тұлға».
«Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде “Абай жолынан”, “Әуезов жолынан” айнымайықшы, ағайын!»
Қорытынды ән
Хормен «Анамның тілі — аяулы үні» әні орындалады.