Тексеру станциясы

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп
Жезқазған қаласы №10 орта мектебі
Мұғалім
Абдраимова Женисгүл Абибуллаевна (бастауыш сынып)
Тақырып
«Кім? Кімдер? Не? Нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздер
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсіл
Сұрақ-жауап
Көрнекілік
Суреттер және қосымша материалдар

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді меңгерту.
  • Ойлау қабілетін дамыту, сөйлету арқылы сөздік қорын молайту.

Сабақ барысы: «Ғарышқа саяхат»

Бүгінгі сабақ ойын түрінде ұйымдастырылып, балалар «ғарышқа саяхатқа» аттанады. Саяхат барысында бірнеше станциядан өтіп, берілген тапсырмаларды мүдірмей орындау қажет.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатын қысқаша түсіндіру, жұмысқа дайындау.

I. «Тексеру» станциясы

Өткенді қайталау

Үй тапсырмасын тексеру: дәптерлерді жинау, тексеру және тарату.

Буындар арқылы сөз құрау және сөзді тасымалдау жаттығуы:

Мұғалім

мұға-лім, мұ-ғалім

Терезе

тере-зе, те-резе

II. «Сынақ» станциясы

Жаңа тақырып

Сұрақтарға жауап беріп көрейік:

Мынау кім?

мұғалім

Мынау не?

қой

Мынау не?

доп

Мынау кімдер?

оқушылар

Мынау нелер?

парталар

Қорытынды: кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың атын білдіреді. Қазақ тілінде адамғакім? кімдер?, ал жан-жануарға және жансыз затқане? нелер? сұрақтары қойылады.

Орыс тіліндегі үлгі

  • Мынау не? — қой Это что? — баран
  • Мынау не? — ит Это что? — собака

III. «Бағдарлау» станциясы

Кітаппен, дәптермен жұмыс

Жазылым

Дәптерге: Күні, Сынып жұмысы деп жазу.

142-жаттығу

Сөздерге сұрақ қою: Аюне? / кім?

Төмендегі сөздерге тиісті сұрақтарды қойып белгілеу: тал, ұшқыш, бүркіт, шопан, нан, тігінші.

143-жаттығу

Кім?

Айжан, Марат

Не?

ит, доп, шелек

Ойын: «Кім? Не? Кімдер? Нелер?»

144-жаттығу

«Бұл қай кезде болады?» тақырыбы бойынша жыл мезгілдерін еске түсіру және қай мезгіл екенін анықтау.

IV. «Спорт» станциясы

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.

V. «Білім тексеру» станциясы

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін қандай тақырып өттік?
  • Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
  • Адамға қандай сұрақтар қойылады?
  • Жансыз заттарға және жан-жануарларға қандай сұрақтар қойылады?
  • Орыс тілінде бұл қалай айтылады?

VI. «Қызықты ойындар» станциясы

Ойын: «Кім жылдам?»

Тапсырма: берілген сөздерді тиісті бағанға орналастыру (кім?, кімдер?, не?, нелер?).

Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Оқушы Мұғалімдер Кітап Балапандар
Бала Апалар Дәптер Қаламдар
Айнұр Әжелер Өшіргіш Терезелер

Қорытынды: сабақ сұрақ-жауап арқылы қорытындыланып, оқушылардың түсіну деңгейі бағаланады.