Қорытынды сұрақ тапсырмалар

Сабақ жоспары және тапсырмалар

Бұл сабақта оқушылар тіктөртбұрыш пен шаршының периметрін әртүрлі тәсілмен есептеуді үйренеді: толық қосынды арқылы, сондай-ақ үлестірімділік қасиетін қолдану арқылы. Жұмыс барысы ұйымдастыру кезеңінен бастап, үй тапсырмасын тексеру, пысықтау сұрақтары және жаңа білімді бекіту есептерімен жалғасады.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа шоғырландыру. Оқу әрекетіне қызығушылықты арттыру үшін төмендегі шумақ пайдаланылады:

Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, білім, адалдық

II. Үй тапсырмасын тексеру

№4 тапсырма: оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру және жауаптарын салыстыру.

III. Пысықтау

1) Меңзер арқылы сәйкестендіру

Өткен тақырыптарды қайталау үшін төмендегі өрнектер мен мәндерді сәйкестендіру ұсынылады:

Өрнектер

  • (375 + 425) : 8
  • (420 − 370) × 7
  • (727 + 73) : 80
  • 200 : 2
  • 630 : 7
  • 4 × 70
  • 180 : 9
  • 600 : 10
  • 80 × 6

Мәндер

10 100 20 60 280 350 480 90 100

Уақыт, масса, ұзындық бірліктері (сәйкестендіру)

2 мин 45 с 165 с 51 сағ 2 тәул 3 сағ 3 сағ 10 мин 190 мин 1 кг 1000 г 3 ц 50 кг 350 кг

2) Есеп

Бірінші орамда 90 см сым бар, ал екінші орамда одан 2 есе артық сым бар. Екі орамда барлығы неше сантиметр сым бар?

Жауап нұсқалары

180 см
360 см
270 см
200 см

3) Қорытынды сұрақтар

  • 10 және 100 сандарына көбейту және бөлуге қатысты қандай ережелерді білеміз?
  • Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не?
  • Шаршының жарты ауданы (тікбұрышты үшбұрыштың ауданы) қалай есептеледі?

IV. Жаңа сабақ

Негізгі идея: бір фигураның периметрін табуды қосу арқылы да, көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып та есептеуге болады.

1) Ұжымдық талдау — тіктөртбұрыштың периметрі

Берілгені

Тіктөртбұрыш: ұзындығы 3 см, ені 1 см.

Периметрі: P.

Тәсіл 1 — барлық қабырғаларды қосу

P = 3 + 1 + 3 + 1 = 8 (см)

Бұл тәсілде фигураның төрт қабырғасының ұзындықтары тікелей қосылады.

Тәсіл 2 — қосындыны 2-ге көбейту

P = (3 + 1) × 2 = 8 (см)

Тіктөртбұрышта қарама-қарсы қабырғалар тең, сондықтан екі әртүрлі қабырғаны қосып, нәтижені 2-ге көбейтеміз.

Үлестірімділік қасиеті арқылы

P = 3×2 + 1×2 = 8 (см)

Бұл жазу көбейтудің үлестірімділік қасиетіне сүйенеді: (a + b) × 2 = a×2 + b×2.

2) Шаршының периметрі

Берілгені

Шаршының қабырғасы: 3 см.

Екі тәсіл

  • Тәсіл 1: P = 3 + 3 + 3 + 3 = 12 (см)
  • Тәсіл 2: P = 3 × 4 = 12 (см)

Негізгі қорытынды

Тіктөртбұрыштың периметрі екі жолмен табылады: барлық қабырғаларын қосу арқылы немесе (a + b) × 2 формуласын пайдалану арқылы. Ал шаршының периметрі қабырғаларын қосу арқылы немесе 4 × a түрінде есептеледі.