Сіздердің назарларыңызда Жас тарихшы зияткерлік сайысы
Ұйымдастыру және қатысушылар
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Муратқызы ұйымдастырған «Жас тарихшы» зияткерлік сайысының жүргізілу мәтіні.
Жүргізуші 1
Ассалаумағалейкум, қымбатты көрермендер!
Сіздердің назарларыңызда — «Жас тарихшы» зияткерлік сайысы.
Жүргізуші 2
Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Қызықты деректер: білім жүйелері әртүрлі
Жапония
Төменгі сынып оқушыларына үй тапсырмасы берілмейді дейді. Ал жоғары сыныпта оқу жүктемесі едәуір артады.
АҚШ
Кей мектептерде оқу құрал-жабдықтарымен оқушыны мектептің өзі толық қамтамасыз етеді.
Финляндия
Алғашқы 6 сынып бойы оқушыларға дәстүрлі баға қойылмайды деген дерек бар.
Әр елдің білім жүйесі әртүрлі. Бүгін біз тарих пәні бойынша «Жас тарихшы» атты зияткерлік сайыс өткіземіз. Ендеше, қатысушылармен танысайық.
Қатысушылар таныстырылымы
Қатысушы 1 (6 «Ә» сынып)
Армысыздар, жиналған көрермендер және ойын қатысушылары! Ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұни айтқандай, бақытты болудың негізі — білім. Осы мақсатта осы ойынға келіп тұрмын.
Қатысушы 2 (6 «А» сынып)
Қайырлы күн, қымбатты көрермендер! Бүгінгі білім бәсекесінде төзімділігім — ту, ұлтжандылығым — ұран, әділдігім — ән болып, жеңіс жалауына жетсем деймін.
Қатысушы 3 (6 «Ә» сынып)
Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін менің бұл сайысқа қатысудағы ең басты мақсатым — білімімді одан әрі жетілдіру.
Ұстанымым (Абай):
Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Қатысушы 4 (6 «А» сынып)
Армысыздар, жиналған қауым! Бүгінгі ойынға келудегі мақсатым — бағымды сынап, білімімді тексеру. Өмірлік ұстанымым: тек алға.
Қатысушы 5 (6 «Ә» сынып)
Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім — өз білімім мен дүниетанымымның шынайы деңгейін анықтау. Өмірлік ұстанымым — еркін әрі қызықты өмір сүру.
Қатысушы 6 (6 «А» сынып)
Армысыздар, ардақты Алаш елі!
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам?
Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын!
I айналым: «Бәйге» ережесі
Ойын шарты
- Тест түрінде 10 ортақ сұрақ оқылады.
- Әр сұраққа 5 жауап нұсқасы беріледі.
- Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
- Ойлануға 5 секунд уақыт беріледі.
- Жауаптың дұрыс/бұрысын әділқазылар бекітеді.
Шабыт сөз
Бәйгеге түсіп жарыспай, жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып, тәрбие-тәлім табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға — сол алда!
Сұрақтар
-
1) Алғашқы адамдардың әлеуметтік құрылысы қалай аталады?
- a) Алғашқы қауымдық құрылыс
- b) Құл иеленушілік құрылыс
- c) Феодалдық құрылыс
- d) Капиталистік құрылыс
-
2) Заттай деректер негізінде адамзат тарихын зерттейтін ғылым:
- a) Этнография
- b) Археология
- c) Нумизматика
- d) Геральдика