Жарысымыз допты мәреге жеткізу

Отбасылық жарыс: «Спортты – біз сүйеміз»

Бұл отбасылық жарыстың басты мақсаты — балалар мен ата-аналарды спорттық ойындарға қатыстыра отырып, спортқа деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Негізгі бағыт

Қозғалыс белсенділігін күшейту, отбасы бірлігін нығайту, балалардың спортқа ынтасын ояту.

Бағалау жүйесі

Жарыс кезеңдері 5 балдық жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділқазылар ұпайларды жариялайды.

I бөлім. Ұйымдастыру кезеңі

Құрметті қонақтар, ата-аналар және балалар! Бүгінгі «Спортты – біз сүйеміз» атты отбасылық жарысқа қош келдіңіздер!

Шынықсаң — шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл —
Денсаулығың мықты боларсың.

Назым

Денсаулық — ол күлкің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Нұрсұлтан

Денсаулық — ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық — ол тыныққан,
Жүйке-тамыр жүйесі.

Асылым

Басты байлық — денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Жолын сақта, сен тауып,
Осы шақтан, балақай.

Еркемай

Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.

Жақсы бала — ол анық,
Істемейді шалалық.
Тап-таза боп жуынып,
Өзі-ақ таранып алады.

Асыланбек

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың — денің сау да.
Денсаулық — терең бақыт екенін
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Ендеше, жарысқа қатысатын балалар мен ата-аналарды ортаға шақырамыз. Әр отбасы өз орындарына орналассын.

Құрметті көрермен! Жарысты тамашалап, әділқазылар алқасының әділ бағасына қолдау білдірейік.

Әділқазылар алқасы

  • №13 «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі — аты-жөні көрсетіледі.
  • №13 «Бөбек» балабақшасының әдіскері — аты-жөні көрсетіледі.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Жарысты бастаймыз.

II бөлім. Командаларды таныстыру

«Барыс» тобы

Ұраны: «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»

«Жасұлан» тобы

Ұраны: «Біз балауса жас ұлан, үлгі аламыз жақсыдан»

«Қайсар» тобы

Ұраны: «Біз шымыр, сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз»

«Қыран» тобы

Ұраны: «Спорт деген өнерге, ат саламыз бәріміз»

III бөлім. Жарыс кезеңдері

1-кезең: «Допты мәреге жеткізу»

Ойын шарты түсіндіріліп, орындау тәсілі көрсетіледі. Кезең соңында әділқазылар ұпай береді.

2-кезең: «Боулинг»

Ойын шарты түсіндіріліп, қатысушылардың дәлдігі мен ептілігі бағаланады.

3-кезең: «Кенгуру»

Допты екі аяқтың ортасына қысып, секіріп мәреге жету керек. Уақыт пен орындау дәлдігі ескеріледі.

4-кезең: «Өрмелеу»

Кедергіден қауіпсіз әрі жылдам өту қағидалары түсіндіріліп, орындау нәтижесі бағаланады.

5-кезең: «Велосипед»

Әр отбасы баласын велосипедке отырғызып, кедергілерден мүдірмей өткізуі тиіс.

6-кезең: «Кім жылдам?»

Әр топ өз баласымен бірге құрсаудың (обруч) ішінен өтіп, кедергілерден мүмкіндігінше жылдам қайтып келеді.

Әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы ұпайларды жариялап отырады.

IV бөлім. Қорытынды және марапаттау

Жарысымыз мәреге жетті. Енді жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімін өткіземіз. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Марапаттар

Жеңімпаздарға марапаттар табысталады, ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Алғыс

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рақмет.