Бірінші шартым
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Білім саласы
- «Әлеуметтік орта»
- Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Айналамен таныстыру
- Тақырыбы
- «Құстарға жем береміз»
Мақсаты
Балаларға құстар туралы жалпы мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілігін арттыру, әсемдік пен әдемілікті көре білуге баулу және табиғатты қорғап, аялауға үйрету.
- Балалардың бойында жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру.
- Құстарды жүйелі түрде қосымша қоректендірудің маңызын түсіндіру.
- Құстар туралы түсінігін кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.
- Қабылдау процестерін, көрнекі-бейнелі және тілдік ойлау элементтерін дамыту.
- Қоршаған ортаға қамқорлық танытып, өзара әрекетке (сөйлеуге) қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы
1) Кіріспе әңгіме
Тәрбиеші: Балалар, сендер балабақшаға қай уақытта келесіңдер?
Балалар: Таңертең келеміз.
Таң атты, күн шықты. Ендеше, бір-бірімізбен жылы амандасайық.
2) «Қайырлы таң!» жаттығуы
Барлығы бірге: «Қайырлы таң, көздерім!»
Барлығы бірге: «Қайырлы таң, құлақтарым!»
Барлығы бірге: «Қайырлы таң, қолдарым!»
Барлығы бірге: «Қайырлы таң, аяқтарым!»
Тәрбиеші: Ояндыңдар ма?
Балалар: Иә, біз ояндық!
- Көздерім көріп тұр.
- Құлақтарым естіп тұр.
- Қолдарым қол соқты.
- Аяқтарым топылдады.
3) Жыл мезгілі және құстар
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем.
Тәрбиеші: Көктемде бізге нелер ұшып келеді?
Балалар: Құстар.
4) «Сиқырлы баққа» саяхат
Тәрбиеші: Сендер сиқырлы баққа барғыларың келе ме?
Балалар: Иә, барғымыз келеді.
Тәрбиеші: Қолымдағы сиқырлы таяқша бар. Мен таяқшамды сермесем, біз сиқырлы бақта боламыз.
Тәрбиеші: Қандай керемет бақ! Балалар, сендерге ұнай ма? Бақта нелер өсіп тұр?
Көрініс
Әуен ойнап, баққа тауыс құсы ұшып келеді. Айнала жарықтанып кеткендей әсер береді.
5) Тауыс құсының шарттары: құстарды тану және қамқорлық
Тауыс құсы: Өз бағыма қонайын деп ұшып келсем, балалар да келіп қалыпты. Менің шарттарым бар: орындасаңдар, қонақ етемін әрі сыйлығым да болады.
1-шарт: Қандай құстарды білесіңдер?
Балалар: Торғай, қарлығаш, қарға, сауысқан.
Тәрбиеші: Дұрыс. Құстарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Сендердің атағандарың — дала құстары. Ал үйлеріңде қандай құс бар?
Балалар: Тауық.
Тәрбиеші: Тауыққа қандай күтім жасайсыңдар?
Балалар: Су береміз, жем береміз.
Шыр-шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды.
Кіп-кішкентай торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
2-шарт: Бақ одан әрі әсем болсын деп, бірнеше құс ала келдім. Осы құстарға қалай қамқорлық жасар едіңдер?
Тәрбиеші: Мынау — көгершін. Оны «бейбітшілік құсы» деп те атайды. Ол еркіндікті жақсы көреді.
Тәрбиеші: Құстар аш болмас үшін не береміз?
Балалар: Жем береміз.
Тәрбиеші: Шөлдемес үшін не береміз?
Балалар: Су береміз.
Балалардың жұмысы
Балалар құстарға жем мен су дайындап, қамқорлық жасау әрекеттерін орындайды.
6) Сергіту сәті: «Ұшты — ұшты» ойыны
Тәрбиеші: Осындай ғажайып бақта тауыс құсымен бірге ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иә.
Барлығы бірге: «Ұшты — ұшты» ойынын ойнайық.
7) Қорытынды және сыйлық
Тауыс құсы: Құстарға жасаған қамқорлықтарың ұнады, ойындарың да жақсы болды. Сендерге мына құстарды естелікке беремін.
Тәрбиеші: Ендеше, балабақшаға қайтатын уақыт келді. Сау болыңыздар!