Есімдіктің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Есімдіктің емлесі

Бұл сабақта есімдіктің дұрыс жазылу емлесін түсініп, сауаттылықты арттыру, ой-өрісті кеңейту және есте сақтау қабілетін дамыту көзделеді. Сонымен қатар оқушылардың өздігінен іздену дағдысын жетілдіру, тапқырлыққа, ұтымды әрі дәл жауап беруге үйрету, туған тілге, туған жерге және тәуелсіз Отанға сүйіспеншілікті күшейту мақсат етіледі.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  2. Сөйлесу:
    • Балалар, көңіл күйлерің қалай?
    • Жақсы көңіл күймен ұранымызды қайталайық: «Білімді мыңды жығады, білімсіз бірді жығады.»
    • Біліктілігімізді байқату үшін мақал-мәтелдердің орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын табамыз.

Мақал-мәтелдер және баламалары

1) Өз үйім — кең сарайым, боз үйім.

Орысша: Мой дом — моя крепость.

Ағылшынша: My house is my castle.

2) Ештен кеш жақсы.

Орысша: Лучше поздно, чем никогда.

Ағылшынша: Better late than never.

3) Өз үйім — өлең төсегім.

Орысша: В гостях хорошо, а дома лучше.

Ағылшынша: East or west, home is best.

Осы мақалдардың ішінен өздеріңе таныс қандай есімдіктерді байқадыңдар? Жалпы, есімдік дегеніміз не?

Есімдік — зат есім, сын есім, сан есімнің атын, белгісін де, санын да атамай, олардың орнына қолданылатын сөз табы.

Есімдіктің түрлері қанша? (Оқушылар дәптерге жазады.)

II. Үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

  1. Біздің ұранымыз қандай?
  2. Үйге қандай тапсырма берілді?
  3. Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?
  4. Белгісіздік есімдігінің ерекшеліктері қандай?

III. Жаңа сабақ: Есімдіктің емлесі

Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты — есімдіктің жазылу емлесін меңгеріп, сауаттылықты арттыру; ой-өрісті кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту; ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу және туған тілге, тәуелсіз Отанға сүйіспеншілікті нығайту.

Негізгі ережелер

1) Дара есімдіктер

Дара есімдіктер бөлек жазылады.

Мысал: Бұл тақырыпты өзім таңдадым.

2) Күрделі есімдіктер

Кейбір сөздер басқа есімдіктермен бірігіп, күрделі есімдіктер құрайды. Олар бірге жазылады.

Мысалдар: ешкім, әрқашан, әлдекім.

3) Тіркесті қолданыс

Кейбір сөздер басқа сөз таптарымен (зат есіммен, кейде қатыстық сын есіммен) тіркесіп қолданылады. Мұндайда олар бөлек жазылады.

Дәптерге тақырыпты жазып, кестедегі ережелерді қысқаша конспект етіп түсіріңіздер.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

208-жаттығу

Мәтіннен күрделі есімдіктерді теріп жазып, емлесін түсіндіріңіздер.

Тұлға Түсіндірме Емле
Біреу Белгісіздік есімдігі, зат есімнің орнына жұмсалады. Бөлек
Бұл Дара есімдік. Бөлек
Солар Дара есімдік. Бөлек
Әркім Белгісіздік есімдігі. Бірге
Әрбір Белгісіздік есімдігі. Бірге
Кейбіреулер Белгісіздік есімдігі. Бірге
Не түрлі Қатыстық сын есіммен тіркескен. Бөлек
Әр кәсіпке Зат есіммен тіркескен. Бөлек

209-жаттығу

Күрделі есімдіктердің қандай түбірлердің бірігуі арқылы жасалғанын анықтаңыздар.

Кейбір

кей + бір түбірлерінен құралған, бірге жазылады.

Әлдене

Күрделі есімдік, бірге жазылады.

Әлдекім

Күрделі есімдік, бірге жазылады.

Нешебір

Күрделі есімдік, бірге жазылады.

V. Бекіту

Төмендегі шумақтарды оқып, есімдіктерді тауып, олардың жазылуына назар аударыңыздар.

1)

Қазақстан — көк байрақты нұр едің, Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. Өзің менің қуанышым, бақытым, Өзің менің мақтанышым, тірегім.

2)

Қасиеттің бәрі керек адамға, Жұмбағы көп мынау үлкен ғаламда.

3)

Ұстаз, анадай бесік тербеткен, Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің? Суарып білім шәрбатпен, Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

4)

Төрт анаға әнін жалғай алмаған, Пенделердің басы қайда қалмаған. Төрт анасын қорымаған халықтың Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

5)

Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін. Қасымда болсын анам, Болайын мен де аман.

VI. Үй тапсырмасы

  1. Есімдіктердің емлесін жаттау.
  2. 210-жаттығу: бөлек жазылатын күрделі есімдіктерді теріп жазып, есте сақтау.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.