Бауырымен жорғалаушылар әлемі

Сабақ тақырыбы

Жануарлар. Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақ мақсаты

  • 1) Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінігін кеңейту, мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету және жануарлар туралы білімін толықтыру.
  • 2) Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту, шығармашылыққа баулу.
  • 3) Жануарларға қамқорлық жасауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Сабақ әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, топтастыру

Көрнекілігі

Слайдтар, интерактивті тақта

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Ал, қанекей, балалар, Бері қарайық. Қажетті құрал мен кітапты Алдымызға алайық. Алаңдамай басқаға, Сабаққа назар салайық.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Н. Оразалиннің «Үш би» өлеңін мәнерлеп оқу.

III. Үй тапсырмасын бекіту

1) «Кім тапқыр?» ойыны

Шарты: берілген сұрақтарға сүйене отырып, билерді тауып, анықтау.

2) Ережені еске түсіру

Заттың атын білдіретін сөздер туралы негізгі қағидаларды қайталау.

IV. Жаңа сабаққа дайындық

1) Сөзжұмбақ шешу

  1. Не кісінейді?
  2. Аң патшасы не?
  3. Ең қорқақ жануар қайсы?
  4. Сиырдың төлін қалай атаймыз?
  5. Қай жануар балды жақсы көреді?
  6. Бұзаудың енесін қалай атаймыз?

2) Балалар, жануарлар туралы не білетінімізді ортаға салайық.

Сүтқоректілер

Тірі төлдеп, сүтпен қоректендіреді

Бунақденелілер

Денесі бунақ-бунақ болып келеді

Балықтар

Суда тіршілік етеді

Қосмекенділер

Суда да, құрлықта да өмір сүреді

Құстар

Қанаты бар, көпшілігі ұшады

Бауырымен жорғалаушылар

Суыққанды, көбіне жорғалап қозғалады

Жануарлар әлеміне саяхатқа шыққыларың келе ме? Бүгінгі сабағымызда жануарлар әлеміне саяхат жасаймыз.

V. Жаңа сабақ

1) Сүтқоректілер әлемі

Тапсырма: оқулықпен жұмыс.

  1. «Жануарлар» мәтінін мұғалім оқып береді.
  2. Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
  3. Сөздік жұмысы:
    • Организм — тірі ағзаның құрылысы (дене мүшелері, ішкі жүйелері).
    • Балдырлар — суда өсетін қарапайым өсімдіктер.
  4. Мәтін мазмұнын талдау:
    • Мәтін не туралы?
    • Жануарлар қашан пайда болған?
    • Ғалымдар жануарларды қандай топтарға бөледі?

2) Балықтар әлемі

Грамматикалық тапсырма: соңғы азат жолдан «кімдер?», «нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тап.

3) Қосмекенділер әлемі

Дәптермен жұмыс: 206-жаттығу.

Өлеңді көшіріп жазып, «кім?» сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Архитектор, құрылысшы, Малшы болып ойнаймыз. Теміржолшы, жұмысшы, Әнші болып ойнаймыз.

4) Құстар әлемі

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық, Кәне қанат жазайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.

5) Бауырымен жорғалаушылар әлемі

Қызықты мәлімет: ең ұзақ жасайтын бауырымен жорғалаушы — тасбақа. Ол жүз жылдан артық өмір сүре алады.

Тапсырма: «Артығын тап» ойыны (207-жаттығу)

Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық екенін анықта.

Кісі аттары

Мәди, Айжан, ұл, Перизат, Жәния, Сырым

Туыстық атаулар

ата, әже, аға, ана, Сәния, сіңлі

Мамандық аттары

құрылысшы, мұғалім, есепші, немере, ұшқыш

VI. Бекіту: Жәндіктер әлемі

Қызықты мәлімет: маса шаққанда неге қышиды?

Масалар адамды тек тою үшін ғана шақпайды: жұмыртқаларының жетілуі үшін қан қажет. Қышудың себебі — шаққан кезде маса түкірігін теріге жіберіп қояды, соған ағза жауап реакциясын береді.

Қосымша дерек

Аралар да «тілдесе» алады. (Мұғалім мәтінді оқып береді.)

Тапсырма: семантикалық кестені толтыру

Берілген сөздерді «кім?», «кімдер?», «не?», «нелер?» сұрақтарына қарай топтастыр.

Заттың атын білдіретін сөздер Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 Ара
2 Кірпі
3 Қоян
4 Шопан
5 Ғалымдар

VII. Бағалау

Оқушылар өз-өзін бағалайды.

VIII. Үй тапсырмасы

  • 1) «Жануарлар» мәтінін оқып, мазмұндау.
  • 2) Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинақтау.