Ұлт тарихын білу

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Мукантаева Нұргүл Қайратқызы

Сынып сағаты

Дін және салт-дәстүр

Мақсаты

  • Ұлт тарихын білу.
  • Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар ұлттық құндылықтарды таниды, ұлт тарихының тереңдігін түсінеді.

Ресурстар

Бейне материал, А3 қағаз, «9 ромб» әдісіне арналған карточкалар, рефлексивті нысана, СМС-хабарлама, стикерлер, маркерлер, топқа бөлуге арналған қима қағаздар.

Сабақтың құрылымы

1) Ұйымдастыру

Мақсаты: оқушылардың көңіл күйін көтеру, жұмысқа қызығушылығын арттыру.

Жаттығу

«Кемпірқосақ» қыздыру

Іс-әрекет

Сынып сағатына дайындау үшін «Кемпірқосақ» қыздыру жаттығуын түсіндіріп, ойнатады.

Нәтиже

Оқушылар ойынға қатысып, зейіндері жинақталады, көңіл күйлері көтеріледі.

2) Топқа бөлу

Қима қағаздар арқылы оқушылар 3 топқа бөлініп, топтасып отырады.

1-топ

Салт-дәстүр

2-топ

Әдет-ғұрып

3-топ

Ырым-тыйым

3) Негізгі бөлім: тақырып бойынша мағлұмат

Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім жағдайында 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері өмір сүреді. Еліміз — көпұлтты әрі көпдінді қоғам.

Назар аудартатын ой

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан — ортақ мекен, ұлт пен дін тоғысқан кеңістік. Барша қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтауға шақыру — қоғамның берік құндылығы.

Қазақстан дінаралық және өркениетаралық диалог алаңы ретінде халықаралық қауымдастыққа танылып келеді. Діндер съезінің ауқымы жыл сайын кеңейіп, оның жаһандық маңызы арта түсуде: алғашқы съезде 17 елден 17 делегат қатысса, кейінгі съездерде 50 мемлекеттен 100-ге жуық делегация жиналды.

Ой салу: нақыл сөздер

  • Үлкенге құрмет, кішіге ізет

  • Әдептілік — тәрбие бастауы

  • Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

4) «Дін және салт-дәстүр» бейнематериалы

Бейне материал көру арқылы оқушылардың ойына қозғау салынып, талқылауға негіз жасалады.

5) «9 ромб» әдісі: салт-дәстүр туралы ой қозғау

Тапсырма

Тізімнен таңдау және реттеу

Оқушыларға салт-дәстүрлер мен мерекелер тізімі беріледі (маңыздылығы бойынша іріктеп, «9 ромбқа» орналастыру ұсынылады):

  • Асату
  • Наурыз мерекесі
  • Байғазы
  • Халықаралық әйелдер күні
  • Шілдехана
  • Айт мерекесі
  • 9 мамыр
  • Конституция күні
  • Тулақ шашу
  • Тоқымқағар
  • 16 желтоқсан
  • 1 мамыр
  • Қалжа
  • Бастаңғы
  • Бесікке салу
  • Тілашар

6) «Ойлы болсаң, тауып көр»: сұрақ-жауап

Әр топқа тақырыпқа қатысты сұрақтар беріліп, жауаптары талқыланады.

1-топ

Салт-дәстүр

Ерулік дегеніміз не?
Жаңадан көшіп келген көршіні үйіне қонаққа шақыру.
«Ұзынсары» деп қай жыл мезгілін айтқан?
Көктем.
Асату деген не?
Еттен кейін ақсақалдың балаларға қалған еттен үлестіруі.
Аманат дегеніміз не?
Бір адамның екінші адамға сақтауға берген заты; аманатқа қиянат жасауға болмайды.
Баланы бесікке салғанда қандай той жасалады?
Бесік той.
Сүйінші дегеніміз не?
Қуанышты хабарды жеткізу.
«Қарашаңырақ» сөзінің мағынасы қандай?
Үлкен үй.

2-топ

Әдет-ғұрып

Тулақ шашу дәстүрі туралы не білеміз?
Қазақ әйелдері жүн сабар алдында «ісіміз сәтті болсын» деп тамақ дайындап, шай ішетін дәстүр.
Тілашар тойы қашан жасалады?
Бала алғаш рет оқуға барғанда.
Қонақкәде дегеніміз не?
Қонаққа келген адамның өнерін көрсетуі.
Бастаңғы дегеніміз не?
Үйдің үлкені жолға кеткенде, жастардың сол үйге жиналып бас қосуы.
Байғазы қай кезде сұралады?
Жаңа затты көргенде.
Сыбаға дегеніміз не?
Құрметті қонаққа немесе жақын адамдарға арнап сақталған ет мүшелері.
Шашу дегеніміз не?
Қуанышты күндерде (нәресте тууы, келін түсуі, құданың келуі т.б.) тәтті-дәмді шашу дәстүрі.

3-топ

Ырым-тыйым

Тоқымқағар дегеніміз не?
Жас жігіттің алғаш жолға шыққанында жасалатын дәстүрлі бас қосу.
Сыңсу қай тойда айтылады?
Қыз ұзату тойында.
Жеке үй болып шыққан жастарға ата-ана не береді?
Енші.
Жас босанған анаға сойылатын арнаулы мал қалай аталады?
Қалжа.
Асар дегеніміз не?
Көлемді, ауыр жұмысқа ауылдастарды көмекке шақыру.
Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады?
7 түрлі.
Киіз үйдің төбесі қалай аталады?
Шаңырақ.

7) СМС-хабарлама: қорытынды пікір

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға бүгінгі сынып сағаты бойынша қысқа СМС-хабарлама түрінде пікір қалдыру ұсынылады.

Нұсқаулық

«Бүгін мен білдім…», «Маған маңызды болғаны…», «Мен үшін жаңалық…» сияқты бір-екі сөйлеммен ой түйіндеу.

8) Рефлексия: «Рефлексивті нысана»

Диалогтік алаңнан алған әсері мен көңіл күйін байқау мақсатында «Рефлексивті нысана» әдісі қолданылады: оқушылар стикерді нысанаға жабыстырады.

Түсіндім

Тақырып айқын болды, негізгі ұғымдарды ажырата аламын.

Ойланамын

Әлі де нақтылайтын, талқылайтын тұстар бар.

Қызық болды

Маңызды тұстар әсер қалдырды, әрі қарай зерттегім келеді.

Ескерту

Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеп алуға болады.