Ойын бөлімдері

Алматы облысы • Алакөл ауданы • Қамысқала ауылы

Алакөл орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің информатика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Алма Несипбековна 6–7 сынып оқушыларына арналған «Информатика әлемінде» интеллектуалдық ойынын ұсынады.

Мақсаты

Оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, алған білімін бекіту және тексеру; ой-өрісін, есте сақтауын, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілетін дамыту; достық пен ынтымақтастыққа, бірін-бірі тыңдауға және сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеттері

1) Білімділік

Білімге қызығушылық пен ынтаны арттыру; оқушылардың білімін шыңдау және тексеру.

2) Дамытушылық

Ой-өрісті іс жүзінде жетілдіру; есте сақтау, сөйлеу мәнері және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік

Достық пен ынтымақтастыққа баулу; бірін-бірі тыңдап, сыйлауға тәрбиелеу.

Ойынның ашылуы

Информатика болашаққа бастайды, келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып XXI ғасырға, барлық әлем жаңалығын танытады.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Таланттылар терін төгіп, толғансын. Тұлпарлары топ жарысында жүлде алсын — бүгінгі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Көңілді тапқыштар, білгіштер бар өнерін салады. Кім білімді, көп оқыған болса — бүгінгі күннің жеңімпазы сол болады. Олай болса, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бағалау жүйесі

  • 10 Толық жауап
  • 5 Жартылай (орта) жауап
  • 0 Жауап жоқ

Әділқазылар алқасы

(Тізімді кейін толықтыруға болады.)

  1. ________________________
  2. ________________________
  3. ________________________

Ойын бөлімдері

1. Таныстыру

Топ басшылары командасын таныстырады.

2. Бәйге

Әр топ басшысына 6 сұрақтан қойылады.

3. Тапқыр болсаң, тауып көр

Жұмбақтардың шешуін табу (әр дұрыс жауап — 10 ұпай).

4. Жеті жұрттың тілін біл

Жауапты 3 тілде айту.

5. Кім жылдам

Құрылғыларды негізгі және қосымша болып топтастыру.

6. Сиқырлы әріптер

Шатастырылған әріптерден сөз құрастыру.

Әр бөлімнен кейін әділқазылар алқасы топтардың ұпайын тіркеп отырады. Сайыс барысында асықпай, саспайық — достар, сайыстың қызығын бірге көрейік. Екі топ ортаға шығады.

1-бөлім: Таныстыру

Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз командасын таныстырады.

2-бөлім: Бәйге

Бұл бөлімде әр топ басшысына 6 сұрақтан қойылады.

7-сынып сұрақтары

  1. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
  2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі қандай?
  3. ASCII кодталуында бір символды кодтау үшін қанша байт қажет?
  4. Жад дегеніміз не?
  5. Жад нешеге бөлінеді?
  6. Пиксель дегеніміз не?

6-сынып сұрақтары

  1. Монитормен көздің арақашықтығы қанша болуы керек?
  2. Ақпараттық үдерістің неше түрі бар?
  3. Ақпараттың қасиеттерін ата.
  4. Вирус дегеніміз не?
  5. Бірінші электронды есептеуіш машинаның элементтік базасы қандай?
  6. Вирусқа қарсы үдеріс қалай аталады?

3-бөлім: Тапқыр болсаң, тауып көр

Бұл бөлімде жұмбақтар жасырылады. Шешуін тапқан топ белгі көтереді. Қай топ бірінші көтерсе — сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Қағазға тоймайтын құрылғы

    Жауабы: принтер

  2. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы

    Жауабы: тышқан

  3. Компьютерімді қорғап тұрамын

    Жауабы: антивирус

  4. Өзім шағын денелі бір затпын, сан жетпейді есебіне: мен арқылы құжат көп тасымалданады

    Жауабы: флешка

  5. Компьютерден қабылдап алып, қағазға басып береді

    Жауабы: принтер

4-бөлім: Жеті жұрттың тілін біл

Әр топқа 2 сұрақтан қойылады. Жауап үш тілде айтылады.

7-сынып сұрақтары

  1. 1 байтта неше бит бар?
  2. Таңбалар мен сигналдар жиынын қалай атаймыз?

6-сынып сұрақтары

  1. Мәлімет енгізу құрылғысын қалай атаймыз?
  2. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы не?

5-бөлім: Кім жылдам

Бұл бөлімде компьютер құрылғыларының суреттері беріледі: монитор, принтер, дыбыс колонкасы, пернетақта, жүйелік блок, сканер, модем, ақпарат тасымалдағыш.

Тапсырма: құрылғыларды негізгі және қосымша болып екі жаққа топтастыру. Дайын болған топ белгі көтереді. Толық жауапқа 10 ұпай беріледі.

Монитор
Принтер
Дыбыс колонкасы
Пернетақта
Жүйелік блок
Сканер
Модем
Ақпарат тасымалдағыш

6-бөлім: Сиқырлы әріптер

Әр топқа бір сөздің шатастырылған әріптері беріледі. Қай топ сөзді бірінші құрастырса — белгі көтереді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Берілетін сөз

П Р О Г Р А М М А

Дұрыс жауабы: ПРОГРАММА

Қорытынды

Осымен бұл қызықты сайысты тәмамдасақ, жаман болды дейміз бе? Бүгін білмегенімізді үйрендік, алдағы уақытта да үйрене береміз.

Жетпегенге жеткізген, қызықты уақыт өткізген, бар ғылымды сыйдырып, жаңалықтың жаршысы болған — информатикаға мың алғыс!

Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.