Шопыр бала, Шопыр бала

«Қатын» сөзінің мәні туралы бір әңгіме

«Қатын» сөзін Мұқағалидан асырып талдаған ешкім жоқ шығар. Ел ішінде айтылатын бір оқиға осы сөздің түп мағынасына өзгеше қырынан қарауға жетелейді.

Көшедегі такси

Бірде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев көшеде такси тоқтатпақ болады. Сол сәтте қасына бір такси келіп тоқтайды. Мұқағали жүргізушіге:

Мұқағали: «Шопыр бала, шопыр бала! Машинаңда отырғанға орын бар ма?»

Жүргізуші: «Мен саған бала емеспін».

Рөлде отырған — сол кездегі алғашқы таксист әйелдердің бірі екен. Мұқағали іле-шала:

Мұқағали: «Шопыр қыз, шопыр қыз! Онда мені машинаңа отырғыз».

Жүргізуші: «Мен саған қыз емеспін».

Сонда Мұқағали әйелдің жүзіне қарап:

Мұқағали: «Шопыр қатын, шопыр қатын! Машинаңда отыратын орын бар ма?!»

Ашуға булыққан әйел:

Жүргізуші: «Немене, келіншек десең тіліңе жара шыға ма? “Қатын” деп қақылдамай!»

Бес әріпке сыйған мағына

Мұқағали сабырмен жауап беріпті:

Мұқағали: «Әй, қалқам, сен “қатын” деген сөздің түп төркінін түсінбеген жан екенсің. “Қатын” деген қасиетті бес әріптен құралған:

  • Қ қадірлім
  • А ардақтым
  • Т тынысым
  • Ы ырысым
  • Н намысым

— деген екен.

Түйін

Осы сөзден кейін әйелдің де көңілі жібіп:

Жүргізуші: «Отырыңыз, аға! Ендігі жерде “қатын” болып жүре берейін!» — депті.

Дереккөз

Мәулен Әнербайдың Facebook парақшасынан. Дереккөз: elana.kz