Айт тілегіңді
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы
«Кім білімді, кім күшті, кім жылдам?»
Мақсаты
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
- Логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Пәнге қызығушылығын арттырып, зеректігін қалыптастыру.
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Барысы
- Көрініс
- Ауызша сұрақтар
- «1001 мақал, 101 жұмбақ» бағдарламасы
- Мақал-мәтелдің жалғасын табу
- Кесте толтыру: «Кім жылдам?»
- «Графиктер биі»
- Тұжырымдаманы табу
- «Кім мерген, кім күшті?»
- «Оқыған білер әр сөзді»
Сценарий үзіндісі
Жүргізуші сөзі
Сәлеметсіздер ме! Апта жаңалықтарымен таныстырайын.
Осы аптада ауданымыздағы №1 орта мектеп пен Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінде математика мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтіп жатыр. Семинар аясында ашық сабақтар өткізіліп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Біз математика пәні мұғалімдері мен оқушыларға мерекелік көңіл-күй тілей отырып, сіздермен тікелей байланыстамыз.
№2 қазақ орта мектебіне арнайы репортерімізді жібердік.
Сахналық белгі
(Сахнаға репортер-оқушы және 7-сынып оқушылары шығады.)
(Музыка ырғағымен қыздар тобы би билейді.)
Репортер
Қайда барсам да, қайда қарасам да алдымнан математика шыға келеді. Бұл қай елдің көрінісі екен? Ежелгі үнділер ме?
Автор (сахна сыртынан): Ежелгі үнді аңызы
Ежелгі үнділерде мынадай аңыз бар: еріккен шах бір данышпанды шақырып алып, былай дейді.
Шах
Әй, данышпан! Мен саған тапсырма берем. Сол тапсырманы тез арада орында. Сен бір ойын ойлап тап: ол ойында екі елдің соғысы, арбасуы, қорғаны көз алдымда көрініп тұратын болсын!
Данышпан
Құрметті шах ием, маған аз уақыт беріңіз. Бірақ менің де сізге қояр тілегім бар: сұраған сыйымды беретін болыңыз.
Автор
Данышпан кетеді. Ал шах өз сарайында ойын-сауығын жалғастыра береді. Уәделі уақыт біткенде, данышпан қайта оралады.
Данышпан
(Шахмат тақтасын алдына қойып.) Шах ием, айтқаныңыз орындалды. Сіздің тілегіңіз 64 шақпақтан тұратын мына тақтаның бетінде. Алдыңғы шепте сарбаздар, атты әскерлер, қасыңызда ақыл-кеңес беретін көмекшіңіз де бар. Әрқайсысының жүретін жолы да, шені де бар. Бұл әскери ойынның аты — шахмат.
Шах
Айт тілегіңді!
Данышпанның тілегі
Шахмат тақтасының бірінші шақпағына бір бидай дәнін беріңіз. Екіншісіне — одан екі есе көп, яғни екі дән; үшіншісіне — тағы екі есе көп, яғни төрт дән. Осылайша 64 шақпақтың бәріне мөлшері екі еселеніп отыратындай бидай беріңіз.
Негізгі ой
Логика
Көрініс математикалық ойлаудың күшін ашып көрсетеді.
Екі еселеу
Әр шақпақта мөлшердің геометриялық прогрессия бойынша өсуі — таңғаларлық нәтиже береді.
Қызығушылық
Оқушыларды тез ойлауға, дәлелдеуге және зейін қоюға жетелейді.