Жұп дауысты дыбыстарды ата

Бастауыш сынып Ана тілі Жаңа сабақ

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы — №8 жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Құдабекқызы Қ.

Тақырып

Тымақ. Буын.

Әдістер

Талдау, сұрақ-жауап, іздену, топтық жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды сөздердегі дауысты дыбыстарға қарай бөлінетін буын ұғымымен таныстыру. Сөздерді буынға дұрыс бөлуге және дұрыс оқуға үйрету.

Дамытушылық

Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу және көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Адамгершілікке және білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
  • Еңбекке баулу.
  • Үлкенді сыйлауға, ананы құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі карточкалар Слайд Плакат

Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу

Оқушыларды топтарға бөліп, бірлескен жұмысқа бағыттау.

Психологиялық дайындық

Сыныппен амандасып, ауа райы белгілері арқылы оқушылардың көңіл күйін анықтау.

Жылы лебіз

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз — көңілді баламыз.

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Қызығушылықты ояту

Сабақты бастамас бұрын, «жорық қағазын» құрып алайық. Бүгінгі бағыттарымыз:

1-айлақ

Күн айлағы

2-айлақ

Гүл айлағы

3-айлақ

Жер айлағы

Ең алдымен Күн айлағына саяхат жасап, келесі айлаққа өтеміз.

Ой қозғау: сұрақтар

  1. Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?
  2. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
  3. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
  4. Жұп дауысты дыбыстарды ата.
  5. Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?
  6. Буын дегеніміз не?

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу сәті

Оқушылар дәптерлерін ашып, көркем жазу тапсырмасын орындайды.