Қайдағы той сабақ қайда
Дауыс
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 «Күншуақ» балабақшасының «Құлагер» тобының түлектері «Бақытты балалық шақ» ұшағымен келіп қонды.
Өтініш
Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, дабыр-күбірді қойып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөзін мұқият тыңдап, өнеріне тамсанып, қуанышымен бірге бөлісулеріңізді сұраймыз.
Залға балалар әуенмен кіріп келеді.
Жақсылық пен алғыс
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз.
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс!
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім, жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейіп,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
2-жүргізуші
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Жүргізушілер
Қымбатты ата-аналар, ұжымдастар, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
Мерекелік бағдарлама
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Ән
«Біріншіге барамын»
Би
«Мы маленькие звезды»
Би
Испан биі
Балалардың ақтілегі
Ақтілек
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке біз барамыз.
Нұрайым
Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Қоштасу сәті
1-жүргізуші
Бөбек еді, ол рас —
Кіп-кішкентай кешегі.
Бүгін, міне, азамат
Болды бәрі деседі.
2-жүргізуші
Тіл дамытып, сурет салып,
Жаттықтырды қолдарын.
Мектебіне шығарып сап,
Тілейік ақ жолдарын.
Тақпақтар
Бексұлтан
Мәпелеген анамыз,
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.
Каусар
Мектепке енді барамыз —
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз.
Жүргізушілер
Көтеріп келіп қолымен,
Жетектеп үйге қайтатын.
Сәбиі еді былдырлап,
Сағынышын айтатын.
Тілі таза бүгінде,
Жүгірмейді аптығып.
Жүректері сезеді —
Қоштасатын шақ жетіп.
Балабақшамен қоштасу
Ақбала
Балабақшам, қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін.
Камила
Балабақша — базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта,
Өз үйіміз сияқты.
Санжар
Қоштасамын бүгін балалықпен,
Қоштасамын сиқырлы балабақшамен.
Танысып мектеп деген әлемменен,
Достасамын біліммен, даналықпен.
Көңілді көрініс: Қожа мен Сұлтан
Сахналық ремарка
Көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді.
Жүргізуші
Ау, бұл кімдер? Неге мына жерді шаңдатып жібердіңдер?
Қожа
Менің атым Қожа, ал мынау — менің досым Сұлтан. Біз көрші ауылға сабантойға бара жатырмыз.
Жүргізуші
Той дейсіңдер ме? Сабақ қайда?
Сұлтан
Басыңды қатырып қайтесің? Мен мектепте оқыған емеспін. Сонда да аштан өліп, көштен қалған жоқпын. Әкемнің жылқысын бағамын.
Жүргізуші
Сонда да қалайша? Ата-анаң сені мектепке апармады ма?