Сәбиге берер тәлімің, Сәбиге берер білімің

Азаттық деген - болашақ

Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.

Шайқас қып майдан алаңын
Ұлдарың жүрді үнемі.
Азаттық сол кез ананың
Тілеген аппақ тілегі.

Оята берер әр таң боп,
Азаттық - ұлттың жүрегі.
Ол елге бір кез қалқан боп
Қорғаған ердің білегі.

Азаттық десіп шырқар мың -
Естіліп солай тұр үні.
Ол ерлер мінген тұлпардың
Тұяғының ыстық дүбірі.

Санада жатқан сан жолы,
Өткеннің жоқ қой алысы.
Азаттық деген - ар жолы,
Қара көз қыздың намысы.

Азаттық жайлы сен де ұқтың,
Әлемге ол даңқын жаяды.
Кешегі ол өткен ерліктің
Бүгінгі нүкте, баяны.

Өткеннен алған тағылым
Азаттық деген - бүгінің.
Сәбиге берер тәлімің,
Сәбиге берер білімің.

Көтерер ертең желкенін
Бүгінгі сәби, бала шақ.
Азаттық деген - ертеңің,
Азаттық деген - болашақ.

Азаттық қымбат - соны ұқтың,
Ортақ ол жасқа, кәріге.
Әлемде әрбір халықтың
Азаттық қымбат бәріне.

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы



Ұқсас жұмыстар

Жолға қатысты ырым - тыйымдар
Шымкентте ВИЧ инфекциясын жұқтырған нәрестелердiң санын азайтып көрсетiп отыр
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Қазақ елінің ән-әуез, музыка өнеріне байланысты философиялық көзқарастары
Оқушылардың атқарған қызметі
Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.с) пайғамбарға деген терең сүйіспеншілік
Сыйлық сыйлау және алу этикеті
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс
Түркі халқына ортақ балаға қатысты ырым - тыйымдар
Экологиялық ойындар арқылы балаларды табиғатты аялауға тәрбиелеу
Берелдің берері берекелі
Сондағы берер тәрбиесі махаббаттан баз кешкен ғашықтардың қайғылы оқиғалары
Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы
Берерсің сен
Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі
Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру
Орыс тіл білімінде
Экономикалық мамандықтар бойынша 2 курс студенттеріне жүргізілетін Маркетинг пәні бойынша студенттердің білімін бағалау тезаурустік тәсіл бойынша жүргізіледі
Педагогикалық психология пәнінен білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар
Әсер ету психологиясы пәнінен білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар