Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
Сабақ тақырыбы
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері
Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, математика.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Слайд арқылы көрсетілетін сызбалар, кестелер
- Тапсырмалар
Сабақ мақсаты
Білімдік
Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін және шартты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық
Сабақтас құрмалас түрлерін ауызша және жазбаша сөйлеуде дұрыс қолдануға дағдыландыру; жаттығулар арқылы ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелік
Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу; патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Сабаққа қатысуды тексеру
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару
- Сыныпты үш топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын тексеру
I топ
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
II топ
Көп бағыныңқылы сабақтас және оның түрлері.
III топ
121-жаттығудан сабақтас құрмалас сөйлемдерді табу.
Салалас құрмалас сөйлемнің белгілері
- Баяндауыштары тиянақты болады.
- Жалғаулық шылаулар арқылы жасалады.
- Құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің белгілері
- Баяндауыштары тиянақсыз болады.
- Бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады.
- Белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы байланысады.
Сөзжұмбақ: «Сабақтас»
Тақырыпты бекіту үшін сұрақтарға жауап беріңіз:
- Шартты рай тұлғасына қойылатын сұрақ.
- Көп бағыныңқылы сабақтастың бір түрі.
- Салаластың бір түрі.
- Құрмаластың бір түрі.
- Баяндауышы тиянақсыз болатын құрмалас.
- Салаластың мағыналық түрлері нешеу?
- Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы.
- Сабақтас құрмаластың екінші сыңары.
III. Жаңа сабақ
1) Түсіндіру
Слайд арқылы түсіндіру.
2) Жаттығумен жұмыс
Мысалдарды талдау, сызба құру, топтық тапсырмалар.
123-жаттығу: сатылай кешенді талдау
I топ
Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.
II топ
Жарлы болар жігіт байталын атқа айырбастаса, жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа айырбастайды.
III топ
Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.
Тақтамен жұмыс
Бір оқушы тақтада талдайды:
Мысал: Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар.
Назар аударатын тұстар
- Екі тыныс белгісі бар: үтір және нүкте.
- Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы сөйлем.
- Құрылысына қарай: құрмалас сөйлем.
- Түрі: сабақтас құрмалас, шартты бағыныңқылы сабақтас.
- Жасалу жолы: шартты райдың -са, -се жұрнағы арқылы.
Сөйлем мүшесіне талдау (екінші жай сөйлем)
- Не істейді?
- алар — баяндауыш.
- Нені алар?
- өнегесін — толықтауыш.
- Қандай өнегесін?
- жақсы — анықтауыш.
Байланысу түрлері
-
«өнегесін алар» — меңгеру, етістікті тіркес.
-
«жақсы өнегесін» — қабысу, есімді тіркес.
Топтық тапсырмалар
I топ — 124-жаттығу
Сөйлемдерді сызбаға түсіріп, жасалу жолдарын анықтау.
- — — —, — — — тигізбейінше, — — —.
- — — — қарасаң, — — —.
- — — — берілмесе, — — —.
- — — — жарыспай, — — —.
II топ — 125-жаттығу
«Сызбаны сөйлет».
- — — — өтінсе, — — —.
- — — — алмай, — — —.
III топ — РАФТ әдісі
Ойтолғау жазу.
- Р
- Тіл жанашырлары
- А
- Халық
- Ф
- Үндеу
- Т
- Ана тілі — ұрпақ тілі
Қосымша жұмыс
Графикалық диктант.
IV. Сабақты бекіту
I топ
Бағыныңқы баяндауышы шартты райдан болған сөйлем құрастыру/табу.
II топ
Бағыныңқы баяндауышы көсемшеден болған сөйлем құрастыру/табу.
III топ
Бағыныңқы баяндауышы есімшеден болған сөйлем құрастыру/табу.
V. Сабақты қорыту
Білімді тексеру: берілген сұрақтарға «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.
| Сұрақ | Иә | Жоқ |
|---|---|---|
| Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма? | — | — |
| Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байланыса ма? | — | — |
| Сабақтас құрмалас сөйлемде басыңқы сөйлем бірінші тұра ма? | — | — |
| Сабақтас құрмаласта баяндауыштар тең дәрежеде байланыса ма? | — | — |
VI. Үй тапсырмасы
- 126-жаттығу: мәтіннен шартты бағыныңқылы сабақтастарды тауып, жасалу жолдарын түсіндіру.
- Ережені жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа белсенділігі ескеріліп, білім деңгейіне сәйкес бағаланады.