Қазақ әдебиеті 8 сыныпСабақтың тақырыбы
Қазақ әдебиеті • 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Төлеген Айбергенов — «Ана» өлеңі
Бұл сабақта Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, ақын поэзиясындағы даралықты танып, «Ана» өлеңінің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талдаймыз.
Сабақ типі
Білік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақ түрі
Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақ әдістері
Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.
Көрнекіліктер
Слайдтар, видеороликтер, Т. Айбергенов портреті, кітаптары, ақын туралы естеліктер.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Т. Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық қабілетті арттыру; ойлау көкжиегін кеңейту; ақындық ерекшелігіне тоқталу; шығарманың мазмұнын ұғындыру.
Дамытушылық
Өз бетінше салыстыруға үйрету; зерттеу, талдау, қорытынды мен тұжырым жасауға машықтандыру; сөздік қорды және шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Мейірімділікке, ананы сүйіп-қадірлеуге тәрбиелеу; ананың бала үшін қандай іске де даяр болатынын ұғындыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып, бүгінгі сабаққа ынта-жігерін арттыру үшін сөйлемді жалғастырады: «Менің қолымнан келеді, өйткені мен…»
II. Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Айбергенов шыңы —
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр,
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр,
Намысыңды дәуіріңе еткізбедің қақпақыл.
Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.
ӨЛЕ БЕРСІН КҮНШІЛДЕР КҮЙІГІНДЕ,
ӨЗ ҒАСЫРЫМ — ӨЗІМНІҢ ИІНІМДЕ.
АҚ ЖАҢБЫРЛАР ТОЗДЫРҒАН ТАУ СИЯҚТЫ
МЕН ӨЛЕМІН ӨЗІМНІҢ БИІГІМДЕ!
Бүгін біз қазақтың маңдайына сыймай кеткен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығымен танысып, оның өлеңдеріндегі ерекшеліктерге назар аударамыз.
Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ, бірақ...
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Онда ортаға тасталар ұран сондай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам,
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін...
Аз ғана ғұмырында Төлеген Айбергенов халқына шынайы поэзияның тәтті шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімді өзіне тән табиғи даралықпен жеткізе білген дарынды суреткер болды. Ол қазақ өлеңіне тұтас бір бетбұрыс әкелген ірі талант иесі.
Ақын жайлы толғаныстар
Амал бар ма, біз үш дарыннан ерте айырылдық. Олар — Абдолла, Баубек, Төлеген.
Төлеген өмірінің де, оның ақындық шабытының да тым қысқа қайырылуы өте өкінішті. Бірақ мұндай ақынның екінші өмірі ұзақ болады. Оның өлеңдері халқына, болашақ ұрпақтарға рухани күш пен ләззат беріп, мәңгі жасайды.
Жадына тұт!
Айбергенов поэзиясын оқығанда оның басты өзегі — биік рух, адамға сенім, мөлдір сезім және анаға деген құрмет екенін ұмытпа.